Өмірзақ ауылының орта мектебі педагогикалық ұжымымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының дайындалу процесі туралы ақпарат берілді.
Коалиция мүшелері жоба кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия жұмыс істегенін және 10 мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті.
«Жаңа Конституция – кең қоғамдық талқылаудың нәтижесі. Ұсыныстар порталдар арқылы қабылданып, комиссия отырыстарында қаралды. Бұл құжаттың әр нормасы кәсіби сараптамадан өтті. Сондықтан 15 наурыздағы референдум – қоғамның өз еркін заңды түрде бекіту мүмкіндігі», – деді коалиция мүшесі Өтембаев Рүстем Тұрсынбайұлы .
Ұжым өкілдері алдағы дауыс беруге белсенді қатысуға шақырылды.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
