Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Ұлттық тағамдардың дайындалуы көрсетілді
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Ұлттық тағамдардың дайындалуы көрсетілді
10:59, 25 марта 2021

Ұлттық тағамдардың дайындалуы көрсетілді

Еліміздегі карантиндік шектеулер мен санитарлық талаптардың сақталуына байланысты өткен жылдан бері мәдени, мерекелік шаралар онлайн форматқа ауысқаны белгілі. Осыны негізге алған Шамалған Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық, тағамдардың жасалу жолын көрсететін шебер сабақтар өткізді.

Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тұрмыс-тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың да этнографиялық салтына қарай дастарханның өзіне тән ерекшелігі бар. Соның ішіндегі ұмыт бола бастаған тағамның бірі – балқаймақ. Тіл үйірер, жұмсақ бұл тағамның жасалу жолын Шамалған Мәдениет үйінің директоры Шәрбану Шәриқызы, «Үшқоңыр» әжелер ансамблінің жетекшісі Бәтиха Меркамалқызы мен ансамбль мүшесі Гүлнар Рымбекқызы үйретті.
Шебер сабақ барысында тағамның құрамындағы өнімдер кезек-кезегімен көрсетіліп, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да айтылды. Сонымен қатар, оңай әрі дәмді жасаудың тиімді тәсілдері де сөз болды. Осылайша қазақтың кең жайылған дастарханының шырайын одан әрі аша түсетін тағам бұл көрсетілімде барынша дәріптелді.
Ұлттық тағамды дәріптеуге арналған тағы бір онлайн форматтағы шара құртты әзірлеуге арналды. Тағдыры сонау замандардан бастап мал шаруашылығымен тығыз байланыста болған хал­қымыздың кейбір салт-дәстүрлері күн санап тарихтың қойнауына еніп барады. Ұмыт болып, санадан өшкендері де қаншама?! Иә, заманымыз техника, технология ғасыры болып отырғаны сөзсіз. Барлығы күн өткен сайын дамып, жетіліп келеді. Десе де бұрынғы кездегі әжелеріміздің құртты дайындаудағы әдіс-тәсілдері ең құнды болып саналады. Осы кепкен қатықтан жасалған дәмді тағамның әзірленуін Шамалған Мәдениет үйінің қызметкері Айсұлу Ернауан мен «Үшқоңыр» ансамблінің мүшесі Күлзихан апа көрсетілім барысында жақсы жеткізе білді. Сонымен қатар, құрттың жасалуы қаншаға бөлінетінін айтып, түсінікті етіп жіктеп берді.
«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп салтын дәріптеп, дана жұртымыз батасында «ақтан» аттап өтпеген. Расында, құрт – пайдасы ұшан-теңіз ұлттық тағам қаймағы бұзылмаған қазақ халқының ұлттық бренді екені сөзсіз. Салтымызды құрметтеп, қазір де осы тағамдарды ұмытпай, әзірлеп жүрейік. Cонымен қатар, Наурыз қарсаңында аудандағы Мәдениет үйлерінің өнерпаздары онлайн концерт қойып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бұрым ОРЫНБАСАР.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru