2026 жылдың 3 сәуірінде Қосынов орта мектебінің базасында 9-11 сынып оқушылары (ұлдар мен қыздар) арасында Ұлттық мектеп лигасы аясында жеңіл атлетикадан аудандық кезеңі жоғары деңгейде өткізілді. Бұл жарысқа ауданымыздың 62 мектебінен оқушылар қатысуға ниет білдіріп, соның ішінде 5 мектептен барлығы 50 жас спортшы өз шеберліктерін көрсетті.
Аудандық кезеңде жас спортшылар әрбір жарыс түрінде өзара бәсекеге түсті, төзімділіктерін, күштерін және командалық рухтарын сынады. Жарыс нәтижесінде С.Керімбеков орта мектебі оқушылары үздік шығып, облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл олардың тек спорттағы шеберлігін ғана емес, ұйымдастырушылық қабілеттерін және ынтымақтастыққа бейімділігін де көрсетті.
Ал облыстық кезеңі 2026 жылдың сәуір айының 13-17 аралығында Еңбекшіқазақ ауданында өткізіледі. Осылайша, аудандық жарыс жас спортшыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және болашақтағы спорттық жетістіктерге алғашқы қадам жасауға мүмкіндік берді.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
