Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары іске қосылды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға, оның ішінде NEET санатындағы жастарды 18 айға жұмыс орнына жолдама арқылы жолдаймыз. Жобаға қатысушы азаматтың 18 ай мерзімдегі жалақысы Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы төленеді. Жұмыс беруші мекеме жүгінген үміткерлерді тұрақты жұмыспен қамтуы тиіс.
«Күміс жас» жобасына зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар қатыса алады. Егер зейнеткерлік жасқа жетуіне екі жыл қалса, 12 ай мерзімге, бір жыл қалса, 6 ай мерзімге жұмыссыз азаматтар жолдама арқылы жұмысқа жіберіледі. Олардың жалақысының 50% мемлекеттік субсидия арқылы Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы төленеді. Бірақ субсидиялау көлемі 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы тиіс. Сонымен қатар, жұмысқа жіберілген азаматтарды келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа қабылдау қажет.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жоғарғы оқу орнын және орта кәсіптік оқу орнын аяқтағанына екі жылдан аспаған және 29 жасқа толмаған білім беру ұйымдарының түлектері қатысады. Олар жұмысқа орналастыру мақсатында зейнеткерлік жасқа жеткендердің бос жұмыс орындарына 6 ай көлемінде жолдама арқылы жіберіледі. Жоба аяқталғаннан кейін тұрақты түрде жұмысқа орналастыру қажет.
Аталған бағдарламалар бойынша жұмыссыз азаматтар Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады.
Мекенжайымыз: Шамалған ауылы Жібек жолы көшесі, №45 (Шамалған сервистік әкімдігі ғимаратының 2-қабаты).
Байланыс телефон нөмірі – 8 (727) 7156189. Басқа да сұрақтар бойынша +7-747-767-77-45 нөмірі арқылы мекемеміздің маманы Жанна Майтина жауап береді.
Қарасай аудандық
Жұмыспен қамту орталығы.