Жуырда Алматы қаласында таэквондодан республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті. «Жеңіс» таэквондо кәсіби клубының кубогы үшін өткен халықаралық сайыс ең алғаш рет 2009 жылы ұйымдастырылған еді. Додаға Астана, Шымкент, Алматы қалаларынан, ҚР-ның барлық облыстары мен аудандарынан тегеурінді таэквондошылары қатысты.
Осымен 7-ші рет 77 салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылып отырған дәстүрлі додаға биыл ауданымыздан 21 үміткер қатысты. 6-17 жастағы балалар арасындағы «А» санатындағы республикалық турнир екі күнге жалғасты. Турнирдін басты мақсаты елімізде шығыс жекпе-жегі – таеквондо спорт түрін дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді әлемге таныту.
– «Жеңіс» клубының кубогы үшін өтетін республикалық турнирдің беделі әркезде жоғары. Жыл сайын бұл турнирге Қазақстанның түкпірінен көптеген өте талантты балалар келеді. Біз де бұл спортты додаға қатысуды үрдіске айналдырып келеміз. Осынау жарысқа қатысу арқылы шәкірттеріміз шыңдала түседі, әрі Еліміздің спорты алға жылжуына осындай маңызды сайыстардың өтуі септігін тигізері сөзсіз, – деді жаттықтырушы Бекзат Смайлов.
Жалпыкомандалық есепте Қарасай ауданының таэквондошылары топ арасында 3 орынға шықты. Олар 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль олжалады. Атап айтсақ, 30 кг салмақта Ануар Жұмашев 1-орын, Олжас Отарғали 2-орын, Мансур Амангелді 2-орын, Естай Ескеді 3-орын, Ердос Ерланұлы 3-орын ақтық сында жеңімпаз атанса, 33 келіге дейінгі салмақта Айдана Сүндетбай 1-орын, Аружан Абдықадыр 3-орын, 49 кг саламақта Бану Сабирова 1-орын, 59 кг салмақтан Аружан Тілеужанова 1-орын, 61 кг салмақтан Бексұлтан Сүндетбай 1-орын иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар табысталды.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.