Іргелі ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Диас Нұрбайұлымен бірлесіп, “Асыл арман” тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасында жылыту маусымына байланысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, пештер мен электр құрылғыларын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ иіс газынан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Тұрғындарға төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

