«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шамалған ауылдық округінде алма ағаштары отырғызылды.
Ағаш отырғызу — табиғатты қорғау ғана емес, келешек ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдыруға қосылған үлес.
Бүгін егілген әрбір көшет — ертеңгі жасыл желекке, берекелі ауылға бастар қадам.

