«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында «SAQTAN-2026» облыстық спартакиадасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлық, лудомания, буллинг, суицидтік мінез-құлық және өзге де зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру.
Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бағытында Алматы облысында жыл басынан бері 2 650-ден астам профилактикалық және қоғамдық іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, «Алкогольсіз ауыл» жобасы аясында өңірдің 24 елді мекені алкоголь өнімдерін тұтынудан толық бас тартты.
Спорт – жастарды тәртіпке, табандылыққа, өзара құрметке және жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды құрал. Осындай бастамалар өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

