Елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында «Кітап оқитын ұлт» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған акцияға Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты, Жастар саясаты саласының мамандары мен Іргелі ауылдық округінің кітапхана қызметкерлері белсене қатысты.
Шара барысында қатысушылар кітап оқудың маңыздылығын атап өтіп, оқырмандық мәдениетті дамытуға бағытталған ой-пікірлерімен бөлісті.

