Өткен аптада VIII шақырылған Қарасай аудандық мәслихатының кезекті 2-ші сессиясы өтіп, оған аудан әкімі Жасұлан Естенов пен Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Есенаманов арнайы қатысты.
Сессияның күн тәртібі бойынша аудандық мәслихат депутаттарының талқысына осы жолы 12 мәселе ұсынылды. Олар:
1. Қарасай ауданының 2022 жылға арналған аудан мен қала және ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау және бекіту;
2. Қарасай ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту;
3. Қаскелең қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау;
4. Жібек жолы ауылдық округі Көлащы ауылының жаңа көшелеріне атау беру;
5. Елтай ауылдық округі Елтай ауылының жаңа көшелеріне атау беру;
6. Қарасай аудандық мәслихаты аппараты мемлекеттік мекемесінің«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту;
7. «Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 26 наурыздағы № 27-3 Қарасай аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану;
8. Қарасай ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту;
9. Қарасай ауданының әкімдігі жанындағы кәмелеткетолмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекіту;
10. Қарасай ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекіту;
11. Қарасай ауданының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жаңа құрамын бекіту;
12. Қарасай ауданының әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту;
Алғашқы мәселеге қатысты сессияға арнайы қатысқан Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Бекмұратұлы баяндама жасап, аудан бюджетінің атқарылуы жөнінде біраз ақпараттан құлағдар етті. Айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтарында аудандық бюджеттің дебиторлық қарызы 130 млн теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 176 млн теңгеге азайтылған. Ал былтыр Қарасай ауданында ең көп қаржылық заң бұзушылықтар анықталған. Бұл басқа аудандармен салыстырған жоғары көрсеткіш екені белгілі болды.
Бұл деректер қарасайлық халық қалаулыларының да таңданысын тудырды. Кейбірі толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауабын ала білді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ескендір Егеубеков түсінік берді. Оның тарапынан жеткізілген ақпараттарды депутаттар қауымы дауысқа салу арқылы шешімін шығарды.
Ал сессия барысында талқыланған алғашқы екі мәселеден басқасының бәрі мәслихат депутаттарына алдын ала ұсынылған шешім жобасы арқылы талқыға салынды. Барлығы да қолдау тауып, бірден бекітілді.
Жиын соңында аудан басшысы Жасұлан Тоққожаұлы заң бұзушылақтарға қатысты тиісті баға берілу керектігін айтты. Әр салаға қатысты мәселе туындаған жағдайда оған жауапты бөлімдер арқылы талқыланып, оны депутаттар назарда ұстауы маңызды екенін жеткізді.
Дидар МӘЛІКҰЛЫ.