Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Ақсақалдар ала тақтада ой жарыстырды
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Ақсақалдар ала тақтада ой жарыстырды
12:07, 10 мая 2023

Ақсақалдар ала тақтада ой жарыстырды

Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстардың бірі Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 78 жыл толды. Осыған орай өткен аптада ауданымыздың ардагерлерінін арасында аудандық шахматтан жарыс өткізілді.

Орталық кітапхана ғимаратында өткен ала тақта айқасына ауданымызға қарасты Қаскелең қаласы мен жеті ауылдық округінің ардагер шахматшылары қатысып, өзара бақ сынасты.
Атаулы мерекеге орай ұйымдастырылған жарысты аудандық «Ардагерлер ұйымының» төрағасы Сағат Мәсімақынов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– ҰОС-на біздің ауданымыздан 7 мыңнан астам азаматтарымыз қатысып, оның 3367-і шайқас майданынан қайтпай қалды. Биыл, міне, біздің бейбіт өмірімізді қорғап қалған жерлестеріміздің қанымен келген Жеңіс күніне 78 жыл толып отыр. Бүгінгі шарамыз сол сұрапыл соғыстың аяқталған күнін және де есімдері мәңгі ел есінде қалатын аталарымыздың көзсіз еңбектерін еске алу мақсатында өтіп отыр. Осындай маңызы жоғары мереке аясында ұйымдастырылған жарыста сіздерге сәттілік тілеймін, – деді Сағат Ұлтарақұлы.
Аға буын өкілдері арасындағы мұндай жарыс жыл сайын жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолғы турнир «Швейцариялық жүйе» бойынша өткізілді. Яғни, турнирлық кесте компьютердің көмегімен басқарылып, жеңімпаздар анықталды. Ұпай сандары да бірден осы кестеге жазылып отырды.
Үздік ойын өрнегін көрсеткен қарттар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін тағы бір дәлелдеді. Ойында қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды. Нәтижесінде Қаскелең қаласының тұрғыны Амандолла Әбдімұратов замандастарын қапы қалдырып, 1-ші орынды жеңіп алды. 2-ші орынды Ұмтыл ауылдық округінің ардагері Амангелді Үмбетов, 3-ші орынды Жандосов ауылдық округінің ардагері Кенжебек Ермекбаев иеленді.
Жалпы тартысты жарыс барысында ардагерлердің бастары қосылып, әңгіме айтып көңілдері бір марқайып қалды.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru