Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытуға, медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.
Президент тапсырмасына сәйкес, еліміздің өңірлерінде 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр. Бұл – тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Аталған жобалардың жүзеге асуы, әсіресе, ауылдық елді мекендер үшін айрықша маңызға ие. Заманауи медициналық нысандардың бой көтеруі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын жақсартып, тұрғындардың өз тұрғылықты жерінде қажетті ем-дом алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету жағдайларын жақсарту – саланың тұрақты дамуына негіз болады.

