Әскерге шақыру жасындағы азаматтарды хабардар ету жұмыстары аясында әскери басқару органдарына келу қажеттілігі туралы хабарлама табысталды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде азаматтардың бірі Қарасай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне өз еркімен баруға ниет білдірді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әскери басқару органдарының шақыруы бойынша белгіленген уақытта келу – азаматтардың міндеті. Әскери есепке жауапкершілікпен қарау әр азаматтың міндеті.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «SAQTAN-2026» жобасы шеңберінде Қарасай ауданы колледждерінің студенттері арасында спорттық спартакиада ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Жарыс барысында жігіттер мини-футболдан, ал қыздар волейболдан бақ сынап, өздерінің спорттық шеберліктері мен командалық рухтарын көрсетті. Тартысты ойындар қатысушылардың белсенділігін арттырып, өзара қолдау …
Осыдан тура бір жыл бұрын тұсауы кесілген «Qonaev Media» Алматы облыстық телеарнасының Алматы қаласындағы филиалының табалдырығынан аттадық. Елімізге танымал журналист Қымбат Досжанның «Елге қызмет» атты авторлық бағдарламасының қонағы болу үшін. Өйткені, қонағы осы жолдардың авторы емес, біз бар болғаны ұйымдастырушымыз, журналистпен ҰҚК Шекара қызметінің ардагері, отставкадағы генерал-майор Марат Мажитов сұхбат құрды. Атының өзі айтып тұрғандай, …
Қарасай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері SDU университетінің студенттері арасында ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттерге полиция қызметіне орналасу талаптары, үміткерлерге қойылатын шарттар және құқық қорғау органдарында қызмет атқару мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Қонаев қаласынан келген Дін істері басқармасының мамандары колледж студенттері арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында сауалнама жүргізді. Іс-шараның мақсаты — студенттердің діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жастардың құқықтық мәдениеті мен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты хабардарлығын нығайту. Мұндай шаралар жастар арасында заңдылық пен тәртіп қағидаттарын қалыптастыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «Стоп коррупция!» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын насихаттау.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және Іргелі ауылдық округінің әкімі А. Қамалбектің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, округ аумағында рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсетіп келген заңсыз қара металл қабылдау пункттері анықталды. Аталған нысандардың қызметін тоқтату және заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту хаттамалары толтырылды. Бірқатар нысан иелеріне …
«Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен Л.Толстой және М.Мәметова атындағы орта мектептерінің оқушыларымен «Жастар арасындағы діни сауаттылық, этносаралық келісім және нашақорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде профилактикалық топ мүшелері — «Алматы облысындағы Қарасай ауданының «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хайруддин Тутадзе, Қарасай аудандық ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл …
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар арасында заңға құрмет пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қарасай Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігі мен жергілікті әкімшілік бірлесіп «Заң мен тәртіп – қауіпсіз орта» атты көше квестін ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға …
Райымбек ауылдық округінде Қарасай аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдігі өкілдерінің қатысуымен түнгі профилактикалық рейд өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау. Рейд барысында компьютерлік клубтар мен жастар жиі жиналатын орындар тексерілді. Нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз …










