«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және Іргелі ауылдық округінің әкімі А. Қамалбектің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, округ аумағында рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсетіп келген заңсыз қара металл қабылдау пункттері анықталды.
Аталған нысандардың қызметін тоқтату және заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту хаттамалары толтырылды. Бірқатар нысан иелеріне қызметін тоқтату, ал кейбіріне нысандарын басқа жерге көшіру туралы талаптар қойылды.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында заңсыз металл қабылдау пункттері анықталды
Home » Жаңалықтар » Зәң мен тәртіп » «Заң және тәртіп» қағидаты аясында заңсыз металл қабылдау пункттері анықталды

