«Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен Л.Толстой және М.Мәметова атындағы орта мектептерінің оқушыларымен «Жастар арасындағы діни сауаттылық, этносаралық келісім және нашақорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуде профилактикалық топ мүшелері — «Алматы облысындағы Қарасай ауданының «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хайруддин Тутадзе, Қарасай аудандық ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Адлен Сергазинов, сондай-ақ «Алматы облысы Дін істері басқармасы» ММ-нің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің Қарасай ауданы бойынша маманы Әділ Амантай түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, этносаралық қатынастар және тіл саясаты саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын орындау, есірткіге қарсы күрес, сондай-ақ теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтану мәселелері қозғалды.

