Смартфонның санамызға сіңіп, одан бас алмай қарап отыруымыз кейінгі кезде кітапқа деген құштарлықты жойып бара жатқандай. Әсіресе, жас ұрпақтың арасында осы қылық анық байқалады. Сондықтан өскелең жастарды, оның ішінде оқушыларды рухани азық алуға тәрбиелеу мұғалімдер үшін оңайға соқпай жатқаны анық. Алайда Мерей ауылындағы А.Макаренко атындағы мектептің ұжымы бұл мәселенің шешімін табудың жолын тауып, ұтымды үрдісті …
Бүкіл саналы ғұмырын өз отбасының жайлы тұрмыс-тіршілігін жасаумен қатар, туған елі үшін ерен еңбек етуге арнаған адамдар көптеп саналады. Солардың бірі ғана емес, бірегейі деп есімін ерекше атап өтуге тұрарлықтай жан – Якуб Жұмашев. Ол кісі ұзақ уақыттар бойы қасиетті Қарасай жерінде қызмет істеп, осы өңірдің өсіп-өркендеуіне үлкен үлесін қосқандардың санатында саналады. Якуб Жұмашев өткен …
Санаулы күндерден кейін Қазақстан халқы тарихы тереңде жатқан және өз алдына қайта егеменді ел болған күні – Тәуелсіздік мерекесін атап өтеді. Бұл ретте газетіміздің осы нөмірінде азаттық таңымен таласып, 1991 жылы дүниеге келіп, бірге ер жетіп, өсіп-өркендеп, бүгінде Қарасай ауданының дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан азамат, Жандосов ауылдық округінің тұрғыны Сырым Ноғайбаев жайында сөз …
Қанша уақыт өтсе де тарих таңбалаған Желтоқсан оқиғасы ешқашан ұмытылмайды. Ал оның өз бағасын алуын тағы да уақыт еншісіне қалдырудан басқа амал жоқ. Дегенмен сол бір дүмбуде атой салып, елдің егемендігі жолында басын қатерге тіккен жанкешті жандарды бүгінгі ұрпақ білуі тиіс. Тарих таразысына салар болсақ, 1986 жылдың 16 желтоқсанында басталған көтеріліске 30 мыңдай қазақ жастары …
В Каскелене, на базе новой комфортной школы, состоялся республиканский семинар-практикум на тему «Білім беру кезеңіндегі үздіксіз білім беру балабақша-мектеп сабақтастығы» («Непрерывное образование: преемственность детского сада и школы»). Его организаторами выступили институт раннего развития детей Министерства просвещения РК и управление образования Алматинской области. В работе семинара приняли участие более 300 педагогов из 14 регионов страны, в …
2004 жылдан бастап бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымы белгіленген халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтіледі. Бұл бастама жемқорлық індеті мемлекеттік ұйымдарға деген сенімге нұқсан келтіретінін, медициналық көмектің сапасын төмендететінін, ғылым мен білімнің дамуына кедергі келтіретінін еске салуға бағытталған қадам болатын. Аптаның сейсенбісі күні осы маңызды күн аясында аудандық Мәдениет үйінде қала және ауылдық …
Осыдан бір апта бұрын «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалында депутаттық фракция отырысы өтті. Оған Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов және фракция мүшелері қатысты. Ал жиынды филиал төрағасы Қаныбек Айтжанов жүргізді. Жиынның күн тәртібіне сәйкес, «AMANAT» партиясының Қарасай ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөніндегі Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлының ІІ жартыжылдық бойынша есебі …
Қарасай ауданының денсаулық саласында жағымды жаңалық орын алып, аудандағы ең басты медициналық мекеменің дәрежесі арта түсті. Жақында Қарасай клиникалық көпсалалы ауданаралық орталық ауруханасы Алматы облысындағы аудандық ауруханалардың ішінде алғашқы болып жоғары аккредитациядан өтті. Айта кетейік, аудандық орталық аурухана 2022 жылы аккредитациядан өтіп, І санатты алған болатын. Енді, міне араға үш жыл салып, мекеменің қызмет сапасы …
Жақында Қонаев қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі күніне орай салтанатты шара өтті. Оған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысты. Мерекелік басқосуда өңір басшысы Марат Елеусізұлы ауыл шаруашылығы саласына серпін беріп, осы бағытта белсенділік танытып, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген …
В нашем районе в рамках акции «16 дней активных действий против гендерного насилия» было организовано много мероприятий. Проходили они как в учебных заведениях, так и в масштабах района. Одним из них стал конкурс видеороликов на тему «Жан жарасы» («Душевные раны»), организованный среди учащихся школ и студентов колледжей. И вот пришла пора подвести итоги. Стоит отметить, …










