Осы аптаның бейсенбісі баспанасыз жүрген әлеуметтік осал топқа жататын қарасайлықтар үшін берекелі болды. Оларға тұрғын үй кезегі бойынша Шамалған ауылындағы жалға беру құқығынсыз 20 үйдің кілті табыс етілді. Бұл үйлер «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілді. Қоныс тойдың қуанышына Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, салтанатты жағдайда жеке тұрғын …
Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов осы аптада аудан тұрғындарын қабылдап, оларды толғандырған мәселелеріне көңіл бөлді. Азаматтарды қабылдау кезінде олардың басым көпшілігі тұрғын үй бағдарламасы аясында кезекке тұру арқылы баспана мәселесін қозғаса, бірқатары жұмыссыздықты алға тартып, өтініштерін білдірді. Тұрғын үй мәселесі бойынша барлығына тиісті жауап берілді. Кейбірінің кезегін нақты анықтап, «Отбасы банкінің» ұсынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы …
Кешегі өткен еліміздегі маңызды саяси науқанға бүгін нүкте қойылды. Сайлаушылардың басым дауысымен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасалды. Елдің сеніміне ие болған Президентіміз халық мүддесі үшін елеулі еңбек етуіне толық мүмкіндігі бар және қарымы мен қабілеті де жеткілікті. Сондықтан Мемлекет басшысын сайлауда ел тұрғындарының басым бөлігі дұрыс шешім қабылдады деп санаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы жоғарыда айтып кеткенімдей, еліміздің …
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғалы бері атқарған жұмысы халықтың көз алдында. Онда төтенше сынақ та, қалың бұқараға деген теңдессіз әлеуметтік қолдау да, халқын қуантып, өзінің мерейін өсірген түрлі дәрежелі сапарлар да болды. Олардың барысында басым көпшілік Президентіміздің ел тыныштығы үшін жасаған қадамына ризашылық танытып жатса да, таразылап, салыстырып, кем-кетігін іздеп отырушылар да болғаны анық. …
Кешегі өткен Президент сайлауы ел тарихында қалатыны сөзсіз. Қазақстан халқының басым көпшілігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен сенім білдіріп, өз таңдауларын лайықты жасады деп ойлаймын. Оның бұл жеңісі қазақстандықтардың алдындағы беделінің жоғары екенін тағы анық көрсетті. Келешекте ел тізгінін ұстайтын Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың үмітін ақтайды деген сенімдемін. Өйткені ол осы уақытқа дейін тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін талай …
В знаменательный для Казахстана день выборов Президента активную гражданскую позицию проявили многие карасайцы. Взять хотя бы избирательный участок № 426, находящийся в городе Каскелен, в здании средней школы имени Байжанова. К примеру, уже к 11 часам здесь проголосовали более 25% избирателей. – Знаете, еще не было семи, как на участок пришли 10 избирателей, – рассказала …
Ел Президентін сайлау үшін өз таңдауын жасаған жас қарасайлықтың бірі – Дариға Рахимжанова. Күні кеше 18 жасқа толған нәзік жанды бүгін Қаскелеңдегі «Еркенұр» балабақшасындағы №431 сайлау учаскеге барып, ең алғашқы сайлаушы ретінде тіркеліп, дауыс берді. Өз таңдауын жасаған жастың бірі болғандықтан сыйлыққа да ие болды. Дариға Мұратқызының ойынша, ел тағдырын шешетін бұл сайлауда әрбір азаматтың …
Қазақстандағы ең қарт адам, 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғыны. Бір ғасырдан асқан әжей сайлауда дауыс берді. Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек еткен. Қаршадайынан жасы шау тартқанша өмірін бейнетпен өткізген әжейдің денсаулығы әлі де тың. Ойы орнықты, есте сақтау қабілеті жақсы. …










