Бүгін ауылымызда қоршаған ортаны абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында ауыл аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды, аумақтар абаттандырылды.
Іс-шараға ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар қатысып, туған жеріміздің тазалығына өз үлестерін қосты. 🌱
Таза ауыл — таза болашақ! «Таза Қазақстан» — әрқайсымыздан басталады!

