Жарысқа аудан колледждерінің үздік командалары қатысты
Қарасай ауданында жастардың спортқа қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футзалдан «AMANAT CUP» турнирі ұйымдастырылды.
Жарысқа ауданның бірнеше колледждерінің командалары қатысып, өзара бақ сынады.
Нәтижесінде:
1-орын – Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі
2-орын – Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің екінші командасы
3-орын – Санжар Жандосов атындағы техникалық колледж
Сонымен қатар үздік ойыншылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
💬 Ұйымдастырушылардың айтуынша, «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен бұл турнир жастардың спорттық әлеуетін көтеріп қана қоймай, колледждер арасындағы достықты нығайтуға ықпал етті

