Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті). Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мешіт ашылды
четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы  мешіт  ашылды
21:02, 11 Тамыз 2022

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мешіт ашылды

Қарасай ауданында құлшылық ордасының саны артып, өткен аптада тағы бір мешіт ел игілігіне берілді. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын бұл Алланың үйі Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Исаев ауылында орналасқан. Тікелей халықтың қолдауымен іргетасы қаланған нысанның құрылысы үш жыл бұрын басталған еді. Осыдан бір апта бұрын, яғни, қасиеттің жұманың қарсаңында игілікті іске атсалысқан иманды жандардың тілеуімен салтанатты түрде ашылды.
Игі шараның аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Құран оқылып, ауыл тұрғындарының ақ тілектері айтылды. Сонымен қатар мешіттің салтанатты ашылуына Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов арнайы келіп, ізгі ниетін білдіріп, сый-құрметін көрсетті.
Жұмадағы басқосуға Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы және ауылдың батагөй ақсақалдары да келіп, өздерінің ақ тілектерін жеткізді. Құрметті қонақтардың қатарында мешіттің бой көтеруіне барынша үлес қосып және қаржылай қолдау білдіруге шақырған әнші Абай Бегей, «NNN» лақап атымен танымал болған блогер Нұрдәулет Бектұрсын, басқа да кәсіпкер жандар болды. Олар да ауыл халқына жақсы сөздерін арнап, мешіттің ашылуымен құттықтады.
Құлшылық мекенінің қызыл лентасы қиылған соң жұма намазының азаны айтылып, жамағат бір сапқа тұрып, намаз оқыды. Одан кейін келген қонақтар ақ дастарханнан дәм татып, ұлттық ойындардың жарысына куә болды.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мешіттің бас имамы Парат Бекештің айтуынша, 1 га жердің аумағында қазіргі уақытта мешіт пен дәретхана ғана салынған. Алдағы уақытта медресенің, қатымхананың, ұстаздар үйінің іргетасы қаланбақ . Имамның сөзіне сүйенсек, бұл жұмыстар да тікелей халықтың қолдауымен жүзеге асады. Оған қаржылай қолдау білдірем деушілер болса, жоғарыда көрсетілген Kaspi QR коды арқылы ақша аударуға болады.
Дидар МӘЛІКҰЛЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

© 2026 "Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru