Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа кезекті Жолдауын жариялап, біраз өзекті мәселеге тоқталды. Олардың шешу жолдарын түсіндіріп, ел экономикасын арттыру үшін бағыт-бағдарды айқындап берді.
Мемлекет басшысы отандық электр энергия саласын жаңарту жағын назардан тыс қылдырмады. Оны жаңарту керектігін алға тартып, энергетикалық жобаларды дамыту жалғасатынын жеткізді.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы электр энергия бойынша көрші елдерге тәуелді болмауды дөп басып айтып, гидроэлектростанциялардың дамуына ерекше назар аудару керектігін ескертті.
Президент өз Жолдауында халықтың талқысында жүрген атом электр стансасын салу мәселесін де сөз етті. Бұл бастама ел болашағы үшін маңызды екені жасырын емес. Оны Мемлекет басшысы да нақты айтты. Алайда қоғамдық пікірдің де салмағы бар екенін ескеруіміз керек. Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешуді жөн деп санады. Әрине, елдің айтар ойы ескерілу керек. Сондықтан Президенттің мұндай шешімге келуі – құптарлық жағдай.
Мемлекет басшысының барлық бастамасы елдің ахуалын арттыруға көзделетіні мәлім. Сондықтан біз тек қолдау білдіруіміз қажет деп есептеймін.
Айдар ОСПАНОВ,
Қарасай аудандық электр желісі торабының директоры.