Алматы облысы, Қарасай ауданы, В.Г.Белинский атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары жалпыұлттық «Кітап оқитын ұлт» жобасын зор ықыласпен қолдайды!
Кітап — тек білім қайнары ғана емес, ол — қиялға қанат бітіріп, ой-өрісті кеңейтетін, рухани байытатын ғажайып әлем. Біздің мектеп оқушылары күн сайын жаңа әдебиеттерді ашып, білімге деген құштарлықтарын арттыруда.
Кітап оқу арқылы біз:
Ойлау қабілетіміз бен сөздік қорымызды дамытамыз;
Өткен мен болашақтың арасын жалғайтын асыл қазынаны меңгереміз;
Тұлға болып қалыптасуға үлкен қадам жасаймыз.
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» демекші, біз барлық замандастарымызды, оқушылар мен ұстаздарды кітап оқу естафетасына қосылуға шақырамыз!

