Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Шалқар Кожантаев аудандық «Naqty» газеті тілшісінің қатысуымен 2022 жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Оның барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып, осы жылдың 6 айында 3197 әкімшілік құқық бұзушылық іс келіп түскенін мәлімдеді. Оның ішінде 101 әкімшілік құқық бұзушылық іс мәні бойынша қарау үшін және ведомстволық бағыныстылық бойынша берілген. Ал 3056 әкімшілік құқық бұзушылық іс негізінен қаралғанын айта кету керек. Келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық істердің ішінде 2009 іс мемлекеттік тілде қаралғанын да айта кету керек.
Есепті мерзімінде істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы және бейнеконференция байланысы арқылы онлайн режимде қаралған.
Негізінен қаралған 101 (3,16%) әкімшілік құқық бұзушылық іс кері қайтарылған болса, 3056 іс (95,59%) негізінен қаралып әкімшілік жаза тағайындалған, 550 адамға (17,2%) қатысты іс сот өндірісінен қысқартылған. Кері қайтарылған істерді өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 13 іске (12,87 %) азайған.
Жаза тағайындау тәжірибесіне тоқталатын болсақ, 2022 жылдың 6 айында 3056 қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 2506 адамға қатысты әкімшілік жазалар тағайындалып, 1938 адамға (77,33%) әкімшілік айыппұл, 47 адамға (1,88 %) арнаулы құқықтан айыру, 333 адамға (13,29%) әкімшілік қамауға алу, 122 адамға (4,87%) ескерту, 66 адамға (2,63%) Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен шығару жазалары тағайындалған.
Сонымен қатар сотта цифрлық бағдарламалар кеңінен пайдаланылып, істер электронды түрде қабылданып, қаралуда. Сот процесіне қатысатын тұлғалар «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы қаралатын істер бойынша мәліметтер алады және карантиндік (Соvid-19) шараларға байланысты сот процестері онлайн түрде ұйымдастырылуда.
Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.