Кейбір азаматтар сотта жауапкердің арыз берушіге келтірілген материалдық шығынын өндіру туралы шешім шығарғанымен, оның орындалуы мүмкін еместігін, өйткені жауапкердің атында ешбір жеке мүлік тіркелінбегенін, ал бұл жағдайдан қалай шығуға болатынын білмей әуре-сарсаңға түсіп жатады.
Осындай күрделі мәселенің бірі – бұл жауапкердің алдын ала соттың шешімін немесе қаулысын орындалмай тұрып өзінің жеке меншігінде тіркелген барлық мүлікті үшінші тұлғаның атына тіркеп, өзінің атындағы банк есеп шотын жауып үлгеретіндігі. Сондықтан азаматтар шешімнің немесе сот қаулысының орындалуына көбінесе сот орындаушыларын кінәлайды. Алайда сот орындаушылары жоқ мүлікке шектеу қоя алмайды, яғни, мүлікке тыйым сала алмайды. Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 158, 159-баптарының талаптарына сәйкес, іске қатысушылардың арызы бойынша, сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауы мүмкін.
Енді өндірушінің нені білуге тиісті екендігі туралы айта кетейік. Сот арызды қарау барысында жауапкердің жеке мүлкіне не банктегі есеп шотына шектеу қою туралы сұрақты жиі көтермейді. Мұның соңы сот шешімі заңды күшіне енген соң, сот орындаушылардың өндірісіне түскенге дейінгі уақыт аралығында жауапкер өз иелігіндегі мүлікті иеліктен шығарып үлгереді. Сот төрелігі тәжірибесін зерделеу, өндіруші істі қарау барысында жеке мүлікке шектеу қою туралы талап арыз берілмейтіндігін көрсетеді. Алайда жоғарыда айтылғандай, өндірушілер жеке мүлікке не банк есеп шотына шектеу қою туралы талап арыз беру құқығы мен оның мүмкіндіктерін білмейді. Сондықтан өндіруші өз ынталылығын білдіріп, құқықтары мен мүмкіндіктерін пайдалануы тиіс. Өйткені сот шешімі шықпай тұрып сотта жеке мүлікке шектеу қою туралы сұрақ көтеру жауапкердің мүлікті иелігінен шығаруға кедергі туындатады.
Асланбек Заманбек,
Қарасай ауданы прокурорының
орынбасары, кіші әділет кеңесшісі.
Сотта жауапкердің мүлкіне шектеу қоюдың тиімділігі
Главная » [:ru]Новости[:kk]Жаңалықтар[:] » Закон и мы » Сотта жауапкердің мүлкіне шектеу қоюдың тиімділігі