Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар арасында заңға құрмет пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қарасай Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігі мен жергілікті әкімшілік бірлесіп «Заң мен тәртіп – қауіпсіз орта» атты көше квестін ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үлес қосу.
Квест барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, заң мен тәртіптің маңызын түсініп, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған білімдері мен дағдыларын шыңдайды.

