Қазақстан Республикасында көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу тәртібі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің нормаларымен реттеледі. Оның 92-бабы 3-тармағына сәйкес көп балалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:
1) баланың қайтыс болуы;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар аясында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баланы 18 жасқа толғаннан кейін оқудан шығару;
3) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
4) өтініш берушінің көп балалы отбасына берілетін жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету;
6) көп балалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты оның Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы негіз болып табылады.
Кодекстің 92-бабының 4 тармағы негізінде сәйкес осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, көп балалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу оны тағайындау үшін негіздер сақталған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.
Кодекстің 92-бабының 5 тармағына сәйкес бала (балалар) қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
А.Альмуханова,
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы
облысы бойынша департаментінің №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
