Талғар ауданының прокуратурасы нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында аудан аумағында есiрткi қылмысына қарсы қадағалауды мейлінше күшейтуде.
Статистика мәліметтеріне сәйкес, республика аумағында есірткінің заңсыз айналымына жыл сайынғы көлемі шамамен 20-25 тоннаны құрайды, оның 95%-дан астамы каннабис тобындағы есірткіге, 5%-ѓа жуығы синтетикалық есірткіге, ал 1%-дан азы апиынға, героинге және заттардын өзге де түрлеріне тиесілі.
2022 жылы оларды тәркілеу көрсеткіштері: жалпы саны – 15,9 тонна, оның ішінде «синтетика» – 582,9 кг (3,6%), героин мен апиын – 172,7 кг (1%), марихуана мен гашиш – 6,7 тонна (42%), каннабис – 8,5 тонна (53,2%).
Өкінішке орай жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар болып келеді. Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті болып отыр.
Соңғы екі жылда ұлттық заңнама айтарлықтай пысықталды: жаңа заттарға бақылау орнату тәртібі жеңілдетілді, олардың интернет желісіндегі айналымы үшін жауапкершілік күшейтілді.
2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап қылмыстық заңнамаға есірткі қылмыстары үшін «электрондық байланыс жүйелерін қолдана отырып» деген жаңа саралау белгісі енгізілді. Бұл құрам бірқатар баптар бойынша көзделген: есірткіні өткізу, оларды дайындау үшін қосалқы құралдардың айналымы, есірткіні тұтынуға тарту.
Есірткі қылмыстары бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімдері белгілене отырып, ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.
Есірткіні жарнамалау және насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Осы бап бойынша жаза 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Қазақстанда есірткі сататын және насихаттайтын интернет-сайттарға жасалатын сілтемелерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстық Кодекске жаңа бап (ҚК 299-1 бабы) енгізілген. Ол бойынша 3 жылға дейін, егер бұл қылмыс топпен, бірнеше рет немесе білім ұйымдарында жасалған болса, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.
Синтетикалық есірткінің тағы 11 жаңа түрі және есірткі өндіру үшін пайдаланылатын химиялық заттар – прекурсорлардың 17 атауының айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Үкіметтің қаулысы күшіне енді.
«Пировалерон» (скорость), «мефедрон» (меф) және синтетикалық каннабиноидтар (спайс) және т. б. сияқты синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туындайтын есірткінің салмағы (50 грамнан 1 граммға дейін) төмендеді.
Сонымен қатар, Талғар ауданы прокуратурасының бастамасымен полиция басқармасының, орталық аурухананың, білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында есірткі қылмысының алдын алуы бойынша білім беру мекемелерінде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде кездесулердің графигі 16.01.2023 жылы аудандық прокуратурамен бекітіліп, 2023 жылдың 17қаңтары мен 18 қыркүйек аралығында Талғар ауданы бойынша барлық 43 мектептерді қамтыды.
Аталған кездесулерде жоғарыда көрсетілген қызметкерлермен дұрыс бағыт-бағдар берілуде және кәмелетке толмағандармен тікелей байланыс орнатылуда, пікір алмасуда, оқушыларға заңға қайшы әрекеттердің, есірткі заттарының пайдаланудың, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеуінің және оларды дайындауының, қайта өңдеуінің, иемденуінің, сақтауының, тасымалдауының, жөнелтудің не өткізудің салдарлары түсіндірілуде, қылмыстың алдын алуы туралы баяндалуда.
Сондай-ақ, есірткі сайттары мен интернет-дүкендердің жарнамасы бар графити-суреттерді анықтау және жою бойынша, аудан прокуратурасымен 2023 жылдың өткен кезеңінде интернет желісін мониторингтеу барысында есірткі заттарын жарнамалайтын 25 сайт анықталып, аудандық сотқа тиісті арыз жолданылды (25 сайттың қызметі соттың шешімімен тоқтатылды).
Каннабис тобының есірткілері және жабайы қарасора өсетін жерлер және алаңдарды анықтап тізімдік есебін жүргізу бойынша, аудандық әкімшілікке сұрау хат жіберіліп, сол бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыстар атқарылуда.
Мемлекет басшысы біздің азаматтарымыз, әсіресе жастар арасында есірткінің таралу жолына қуатты тосқауыл қоюды тапсырды. Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық іс-шараларға ерекше назар аударылып, профилактикалық іс-шараларды өткізуде ең бастысы — жоғары сынып оқушылары мен жасөспірімдерімен жұмыс жасау жалғастырылуда.
Қазіргі уақытта интернет өте қолжетімді. Балалар мен жастар гаджеттерде, телефондарда интернет желісінде есірткі жарнамалайтын және сататын ресурстарды оңай, әрі тез кіре алады. «Интернет-дүкендер» негізі «телеграмм» мобильді қосымшасы арқылы құрылады, оларды кез келген смартфонға жүктеуге болады.
Көп жағдайда жастарға есірткілерді жарнамалайтын сайттар туралы жарнаманы жабыстырушы немесе курьерлер жұмысын ұсынады. Бұл әрекеттердің барлығы қылмыспен жазаланады және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Синтетикалық есірткілер көп жағдайда арзан болып келеді және жастар қызығатын сағыз және мұз тәттілермен бүркемелеп сату фактілері кездесуде.
Есірткі саудасына қатысты кез келген іс-әрекет заңмен қудаланатынын қатаң ескертеміз. Сондықтан ғасыр тажалымен күресуді жєне оны болдырмаудың алдын алуда бала тәрбиесіне жете көңіл бөлуді, олардың іс-әрекеттерін үнемі қадағалап отыруды қолға алайық.
Нұрсұлтан БЕШЕН,
Талғар ауданы прокуратурасының прокуроры, 2-ші сынып заңгер.
Есірткі саудасына қатысты кез келген әрекет заңмен қудаланады
Главная » [:ru]Новости[:kk]Жаңалықтар[:] » Закон и мы » Есірткі саудасына қатысты кез келген әрекет заңмен қудаланады