Шекарашы – елдің күзетінде тұрған ғана емес, мемлекеттің абыройын, қауіпсіздігін, беделін қорғап тұрған тұлға. Ол жай ғана автомат асынып жүрген жауынгер емес, ол – геосаяси тұрақтылықтың тірегі. Сондықтан шекара қызметі тек әскери құрылым ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің бірінші қорғаны. Қазіргі таңда еліміздің шекарашылары шекара шебінде адал қызмет атқаруда. Олардың ішінде елімізге еңбегі сіңген шекарашы, прапорщик Мурзалиев Бейбіт Үсенұлы 29 жылын шекара шебіне арнап, енді, міне зейнеткер атанып отыр.
Ол 4 тамыз 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Шекара қызметіне 1997 жылы қабылданып, еліміздің Шығыс және Батыс өңірлерінде адал қызмет атқарған. Өзінің жастық шағын ел күзетуге арнаған Бейбіт Үсенұлы бүгінгі таңда ұрпағының қызығын көріп, 3 ұлдың әкесі, бір немеренің атасы. Қаскелең шекара бөлімшесінің 2 мобильдік топ бастығы, прапорщикке алдағы өміріне тек табыс пен мол бақыт тілейміз. Ел тыныштығына арнаған еңбегі үшін мол алғыс білдіреміз!
ҚР ҰҚК Қаскелең шекара бөлімшесі.

