14 тамыз – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні. Яғни, салықшылардың төл мерекесі. Бұл – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі еңбек етіп жүргендердің ортақ мерекесі. Елімізде салық органдарының құрылуы мемлекеттің егемендік жылдарынан бастау алады. 1991 жылға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталды. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. Атап айтқанда, 1991 жылғы желтоқсанның 25-нен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл Заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салық пен алым енгізілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-де Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. Ал еліміздің мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі 14 тамызда атап өтіледі. Себебі, 2014 жылдың дәл осы күні салық, кеден комитеттері және қаржы полициясы экономикалық қаржы бойынша тергеу саласымен біріктіріліп, мемлекеттік кірістер комитеті болып өзгерді.
Кәсіби мереке қарсаңында Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының биылғы жылғы 7 айының қорытындысына тоқталатын болсақ, біз жоспарлы жұмыстарды артығымен атқарып келеміз. Мәселен, басқармамен алғашқы 7 айда мемлекеттік бюджетке 32 893 374,0 мың теңге құйылды, яғни, жоспар 107,0% орындалды. Республикалық бюджетке 14 866 864,0 мың теңге түсті. Сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 4 229 715,0 мың теңге, 127,9% орындалды.
Осы көрсеткіштерге қол жеткізуіміз ең бірінші ұйымшыл ұжымымыздың, яғни, Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлерінің арқасы. Арасынан ерекше атап өтетін өз ісінің майталмандары, ел экономикасын көтеруге бар күш-жігерін салып қызмет етушілер: С.Исаев, Б.Иманбаев, Ғ.Байбасаров, Е.Темірбаев, М.Утегенов, Қ.Абылғазиева, Г.Егізбаева, Қ.Шойбекова, С.Жаңабаева, Ж.Рабатова, Л.Даупасова, З.Джумаева және тағы басқалар. Бүгінгі күнге Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ұжымы құрамының басым көпшілігін заман талабына сай жасақталған ізбасар мамандар құрайды, олар: Ж.Талғарбаева, С.Сұлтанбекова, Б.Қалыбеков, Л.Исаева, А.Дубеков, Н.Ризабек, А.Құнанбаева, Б.Жақашбаев, Г.Искакова. Басқарма басшысының орынбасарлары – Едгар Лесханов пен Батырбек Бектібаев тек жауапты қызметкерлер емес, сонымен қатар, өз істерінде шебер, басшы мамандар. Сонымен қатар зейнеткерлік демалысқа шыққан еңбек ардагерлері М.Қожамбердиев, М.Ұрташева, Д.Оразалиева, К.Сармантаева, Б.Бурбаева, М.Кутанова, Б.Окасов және В.Қойлыбаева сынды зейнеткерлермен байланыстан қол үзген жоқпыз.
Қосымша салық төлеушілерге Мемлекеттік кірістер комитетінің мынадай пилоттық жобалары іске асып жатқанын хабарлаймын:
1. Таксистер мен курьерлерге арналған пилоттық жоба салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктерді жояды. Кез келген басқа кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыру кезіндегідей такси немесе курьерлік жеткізу қызметтерін көрсету кезінде де жеке кәсіпкерлікті тіркеп немесе жалдамалы қызметкер ретінде рәсімделіп, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу міндеттелген. Бұл талаптар жаңадан енгізілген жоқ. Бірақ барлық такси жүргізуші оларды орындай бермейді, өйткені олардың пікірінше, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу бірқатар міндеттемелерді тудырады (салықтарды, әлеуметтік аударымдарды есептеу және декларацияларды тапсыру). Сондықтан Мемлекеттік кірістер комитеті міндеттемелерді орындау үшін, E-salyq Business арнайы мобильді қосымшасы негізіндегі режимді таңдауды ұсынады. Онда салық декларациясын тапсырудың қажеттілігі жок, табыс салығын 1 пайыз мөлшерінде міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдерді қосымша өзі есептейді. Осыған байланысты, интернет платформаларды пайдалана отырып, қызмет көрсететін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін, E-salyq Business мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, салық режимі негізінде пилоттық жобаны іске қосты. Оның шеңберінде тікелей интернет платформада жеке кәсіпкерлікті тіркеуге болады. Интернет платформа операторы төлемді төлеген кезде, такси жүргізуші немесе курьер тарапынан келісім болған жағдайда тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдер ұстап қалады және төлейді. Содан кейін мәліметтер автоматты түрде Мемлекттік кірістер комитетіне беріледі. Бұл жеке тұлғаның салық органдарына барудан толығымен босатады. Сондай-ақ салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктерді болдырмайды және такси жүргізушілеріне қаржылық жүктемені арттырмауға мүмкіндік береді. Өйткені такси жүргізушісі делдалдарсыз платформадан тікелей тапсырыс ала алады және де бизнес процестері реттеледі. Бүгінгі таңда Яндекс Такси және интернет платформалардың басқа операторларымен ақпараттық жүйелерді баптау жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстар аяқталған соң, азаматтар ерікті негізінде пилоттық жобаға қосыла алады.
2. Маркетплейстер арқылы тауарлардың электрондық саудасы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекттік кірістер комитеті танымал маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жобаны бастады. Пилоттық жобаға ерікті түрде сатыса отырып, кірісті есепке алуға және салықтық есепті толтыруға уақытты үнемдейсіз, салықтық тексерулер азаяды, ай сайынғы төлем кезінде жеке кәсіпкер үшін біркелкі жүктеме болады. Қызмет көрсететін банктің қосымшасындағы төлем ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті серіктес банкке бюджетке төленуі тиіс салық сомаларын жолдайды, банк әрі қарай пуш-хабарламаны жеке кәсіпкерге жолдайды. Пилоттық жоба туралы ақпаратты 1414/3 номері арқылы ала аласыз.
2023 жылдан басынан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайларын жалпыға бірдей декларациялаудың 2 кезеңі басталды.
Декларацияларды ұсынудың 2 мерзімі көзделген:
15 шілдеден кешіктірмей – қағаз жеткізгіште;
15 қыркүйектен кешіктірмей – электронды түрде.
Декларацияны электронды түрде – Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-порталы (cabinet.salyk.kz), арқылы, «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады. Қағаз жеткізгіште – мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен немесе пошта арқылы тапсырыс хатпен жіберуге болады.
Барлық әріптестерімді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып ел экономикасын көтерудегі барлық бастамаларымызға табыс пен жетістік тілеймін. Жүйеміз оң болса, табысымыз да мол болады.
Н. ИСКАКБАЕВ,
Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшысы.