Жуырда «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалы «Гүлдала» бастауыш партия ұйымының жиналысын өткізді. Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1) «Гүлдала» БПҰ-ның 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері, оның ішінде сайлауалды бағдарламаларды іске асыру жөніндегі өңірлік жол карталарын іске асыру туралы есебін тыңдау; 2) «Гүлдала» БПҰ-ның төрағасын сайлау туралы; 3) Талғар аудандық партия филиалының ХХХVІІ конференциясына делегаттарды сайлау туралы.
Жиында партия ұйымының төрағасы А.Сасиков «Гүлдала» бастауыш партия ұйымының 2021-2022 жылдары атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған міндеттері, оның ішінде сайлауалды бағдарламаларды және өңірлік жол карталарын іске асыру, 2023 жылға жоспарланған жұмыстары туралы есеп берді.
– Ауылдық партия филиалы өз жұмысын 2023 жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізуде. 2-партия активі, 6-саяси бюро отырысы, 2-депутаттық фракция отырысы, 6-партиялық бақылау комиссиясы, 6-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңес отырыстары жоспарға сәйкес толығымен өткізіліп, мекемелерге ұсыныстар берілді. «Гүлдала» Бастауыш партия мүшелерінің саны – 255 адам. Биылғы жылдың 6 айында партия қатарын тазалау мақсатында 26 адам шығарылып, Өзектендірілмеген партия мүшелері деректері бойынша (актуализация) жұмыстары жаңартылды, – дейді партия ұйымының төрағасы.
Сондай-ақ оның айтуынша, бүгінгі күні аудандық партия ұйымы нақты әлеуметтік топтарға (ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастар, балалар, ауыл тұрғындары т.б.) бағытталған 24 партиялық жобаны жүзеге асырып келсе, тамыз айынан бастап 4 ұлттық жоба: «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» мен 3 бастамашыл жоба: «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» негізінде жұмысын жалғастыруда.
Жоба тұжырымдамасында белгіленген нақты индикаторларға қол жеткізу мақсатында 2023 жылдың 6 айында 5 іс-шара ұйымдастырылған. Оған 250 адам қатысқан екен. Атап айтқанда: «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 5 іс-шара ұйымдастырылып, 15 адам қамтылған. Барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ішіндегі жалғызбасты 15 қарттың әлеуметтік жағдайын қолдау мақсатында көмектер үнемі көрсетіген екен. Атап айтқанда, партияның жастары ардагерлердің үйіне барып, ауласын қардан тазартып, қысқы отын дайындау жұмыстарына қолғабыс еткен. Жеңістің 78 жылдық мерекесі қарсаңында мерекелерімен құттықтады.
– «Кедергісіз келешек» жобасы аясында әр бағыт бойынша 11 іс-шара өтті. Оның ішінде, «Мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар балаларға Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мереке ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» атты ұлттық жобаларды іске асыру да қарқынды жүруде. «Бақытты отбасы» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында тұрақты 40-тай көп балалы отбасыға әр апта сайын қаржылай, және азық-түлікпен аса қажетті тұрмыстық техникалармен қамтамасыз ету мақсатында көмек көрсетіліп тұрады. Бұл игілі іске бизнес өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар да жұмылдырылды. Әлеуметтік қызметтерден өзге қаржылай қолдау танытатындар мен баспанамен қамтамасыз ететін азаматтар да бар. Бұл ретте «Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартып, кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік жасау, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашып, жастардың сол жұмысқа белсене атсалысуына жағдай жасау жұмыстары жоспарланып, қолға алынды», – деді партия ұйымының төрағасы А.Сасиков.
Жиын соңында «Гүлдала» бастауыш партия ұйымының бюро мүшесі М. Макен «Гүлдала» бастауыш партия ұйымының төрағасына А.Сасиковты сайлауды және «Гүлдала» БПҰ-ның саяси кеңес бюро мүшелерін жаңартуға ұсыныс жасады. Сонымен қатар Талғар аудандық партия филиалының кезекті ХХХVІІ конференциясына бірқатар делегаттар тізімі ұсынылды.
Сәуле ШАЙҚЫП.
Талғар ауданы.
Партия ұйымының жиналысында бірқатар мәселе қаралды
Главная » [:ru]Новости[:kk]Жаңалықтар[:] » "Аманат" партиясы » Партия ұйымының жиналысында бірқатар мәселе қаралды