Балаларға арналған жиһаз шығаратын «Домико» компаниясы отбасының балаға деген махаббаты мен мейірімінен туындаған. Компания директоры Назерке Матайбай «Монтессорри» әдісімен жасалатын жиһаз түрлеріне тапсырыс қабылдайды, себебі бұл өнімдер балалардың дамуына үлес қосады және қарапайым жиһаздан ерекшеленеді.
Бастапқыда Назерке мен күйеуі Талғат ұлына қалаған төсек таба алмай, оны қолдан жасауға бел буған. Жертөледе қарапайым құралдармен алғашқы ағаш төсекті құрастырды. Сол кездері тәжірибе болмаған, бәрін бірте-бірте үйренді. Бірінші тапсырыс келгеннен кейін шағын кәсіпке айналды.
2020 жылы ұлы Данияр аутизм спектрінің бұзылуымен диагноздан өтіп, «Монтессорри» әдісімен танысты. Бұл әдістің тиімділігін көрген Назерке мен Талғат балаларға пайдалы, сапалы жиһаз шығаруға шешім қабылдады.
2025 жылы «Даму» қоры арқылы қаржыландыру алып, жаңа станоктар, бояу және қаптау құралдарын сатып алды. Өндіріс қарқыны артты, ассортимент 20-дан астам жиһаз түрін қамтиды, тапсырыстар шетелден де келеді.
Компания функционалды жиһаз ұсынады: Пиклер кешені, мини-спортзал, балалардың қозғалысын дамытуға арналған жиһаз. Барлығы 50–60 кг салмаққа арналған және Қазақстан бойынша жеткізіледі.
«Домико» – балаға махаббаттан туған, қауіпсіз және дамытушы ортаны құруға бағытталған бизнес.

