Өткізілген күні– 16/07/2020 жыл, 11: 00
Өткізілген орны: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің Антикор Орталығы (2-қабат конференц-зал).
Тақырыбы: «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2020 жылдың 6 айындағы қызметінің қорытындысы және дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру мониторингі бойынша аралық қорытындылардың нәтижелері».
Спикерлер: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы
Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық инспектораттың бөлім басшысының м. а. Мухамадиева Рахила Сикуатовна
Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Алпысов Бақыт Амантайұлы
Мазмұны:
ДӘРІХАНАЛАР МЕН ДӘРІЛІК ҚОЙМАЛАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ
Мемлекет басшысының өмірлік маңызды дәрілердің бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтау тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасы бойынша «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалы, арнайы мониторинг тобы, БАҚ және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінен мониторингтік топ құрылды.
Жалпы алғанда, 140 дәріхананы қамтитын 12 бірлескен мониторинг ұйымдастырылды. Бүгінгі күні тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті дәрілік препараттардың бағасын көтергені үшін дәріханаларға қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырды.
Бұдан бөлек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет гуманитарлық көмекті әрбір емдеу мекемесіне жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғам белсенділерімен бірлесіп Қытай мен Катар мемлекеттерінен түскен гуманитарлық көмек қоймаларына қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп мониторинг жүргізді.
ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША
Ағымдағы жылдың 6 айында Департамент 128 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның 75% — дан астамы сыбайлас жемқорлық қылмыстары (96) болып табылады.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы шығын 2,2 млрд.тг. құрады, оның 1,6 млрд. теңге өтелді.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар –70%-ы, немесе 82 құқық бұзушылықты құрады.
Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар — бұл парақорлық – 58 факт, немесе 60,4%, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану – 17, немесе 17,7%, қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасау– 6 немесе 6,3%, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу – 6 немесе 6,3%, билікті асыра пайдалану – 5 немесе 5,2%.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке 75 адам тартылды, оның ішінде бірінші басшылары – 27 адам.
Тергеу тәжірибесіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым бейім, оларға есепті кезеңде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың шамамен жартысы келеді — 43, қылмыстық жауапкершілікке 23 лауазымды қызметкер тартылды.
Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалар:
құрылыс саласында — есепті кезеңде 21 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді, 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
тұрғын үй коммуналдық қызмет саласында — 16 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген, 12 тұлға тартылды.
жер қатынастары саласында — 18 сыбайлас жемқорлық қылмысына жататын 18 тұлға тартылды.
әлеуметтік қамсыздандыру саласында – 8 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген, 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметкерлері тарапынан заңды кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың және кедергі келтірудің жолын кесу бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 18 фактісі анықталды, 34 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 31 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 2 лауазымды тұлға сотталды.
Департамент мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында бюджет қаражатын ұрлаудың жолын кесуге ерекше назар аударады. Мемлекеттік бағдарламалардың табысты іске асырылуы, өңірдің әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізудің пәрменді құралы болып табылады. Есепті кезеңде барлығы 30 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Әрбір анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқық бұзушылық олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мәніне талдау жасалады. Талдау нәтижесі оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде мемлекеттік органдарға енгізілген ұсыныстар болып табылады. Есепті кезеңде мемлекеттік органдар мен облыс этикасы жөніндегі кеңеске мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы 69 ұсыныс енгізілді, оның ішінде қаралған – 37, тәртіптік жауапкершілікке 35 мемлекеттік қызметші тартылды (Ескерту – 2, сөгіс – 13, қатаң сөгіс – 9, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 4, атқаратын лауазымынан босату – 2, төмендету – 2,жұмыстан босату – 3).
Сондай-ақ, Департамент алдында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көзқарасты өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру стратегиялық міндетті тұр.
Осы орайда, мемлекеттік сатып алу саласында жариялылық пен ашықтықты арттыру мақсатында Департамент мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізеді. Жалпы сомасы 812 млн. теңгеге бағаны көтеру фактілері анықталды.
Жалпы 6 ай ішінде департамент 4 сыртқы талдау жүргізіп, 41 ұсыныс әзірленді, оның 35-і орындалды.
Сонымен қатар, жастар тәжірибесі, кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар бөлу, денсаулық сақтау, жер қатынастары және т. б. салаларда жалпы 9 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді.
Екі жылға жуық жұмыс барысында BPI жобалық кеңсесі шетелдік инвесторлар мен отандық кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды құқықтарын қорғау ісінде өз өзектілігін дәлелдеді. Департамент 605 млрд. тг. астам сомаға инвесторлармен 34 келісімге қол қойды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Департамент сервистік әкімдіктерді ашу бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда облыста 8-сервистік әкімдік ашылды.