«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қарасай ауданы Ювеналды полиция басқармасы және жастар ресурстық орталығы бірлесіп, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастарға құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттер тұратын жатақхананың санитарлық жағдайы, тұрмыстық ахуалы және жалпы жай-күйі тексеріліп, анықталған мәселелер …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығы жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мәдени демалысын қамтамасыз ету мақсатында «КinoGo» жобасы аясында кино кеші ұйымдастырылды. Шараға 50-ге жуық жастар мен тұрғындар қатысты. Кеш барысында қатысушыларға еркін форматта фильм тамашалауға мүмкіндік жасалып, арнайы фуршет ұйымдастырылды. Жастар өзара пікір алмасып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Аталған шара жастар мен тұрғындардың бос …
Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының қолдауымен Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Іргелі ауылдық округіне қарасты «Алтын Орда» сауда базарында «Тазалық – тынысы» атты тазалықты сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жастары сауда базары аумағында тазалық сақтауға шақыратын арнайы ақпараттық брошюралар таратып, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығында «Шамшырақ» жас ұстаздар хабының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жиын барысында хабтың алдағы кезеңдегі негізгі бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шаралар мен бастамалар сараланды. Сонымен қатар, жас ұстаздардың кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар әзірленді. Алдағы уақытта аталған жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.
Ұмтыл ауылдық округінің жастары табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған экологиялық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында жастар аумақты тазалап, табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін өз үлгілерімен көрсетті. Табиғат – болашақ ұрпаққа аманат. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай игі …
Жібек жолы ауылдық округінде жастар, жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар және орта буын азаматтар арасында құқық бұзушылық, буллинг, зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу мақсатында «Өмір сүр, үміттен!» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Кездесуге «Отбасын қолдау орталығының» директоры Елена Владимировна Константинова, Қарасай ауданы ПБ Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жансая Әділқызы Даниярова, Қарасай ауданы ПБ …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және Мансап орталығымен бірлесе отырып бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында NEET санатындағы және аудан жастарына бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмысқа орналасу, кәсіби бағыт таңдау және еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.
Іргелі ауылдық округі World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған жалпыұлттық акцияға белсенді түрде қатысты. Округ аумағында сенбіліктер өткізіліп, көшелер, аулалар және қоғамдық орындар тазартылды. Әр тұрғынның үлесі – таза әрі жайлы ортаны қалыптастыруға қосылған үлес. Тазалық – ортақ жауапкершілік. Өзіңнен баста!
Қарасай ауданы полиция басқармасының ұйымдастыруымен және музей қызметкерлерімен “Заң мен тәртіп-қоғам қауіпсіздігінің кепілі” тақырыбында жас сақшыларға танымдық іс-шара өткізді. Бүгін оқушылар қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музейге барып, тағылымды экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен және қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесімен танысты. Музейдегі құнды …
Қарасай ауданында аудан әкімінің қатысуымен Жібек жолы ауылдық округінде Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына «Жасыл ел» еңбек жасақтары, аудан, ауыл жастары белсене қатысты. Сенбілік барысында ауыл аумағы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында 200-ге жуық ағаш отырғызылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның …










