Іргелі ауылдық округі World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған жалпыұлттық акцияға белсенді түрде қатысты.
Округ аумағында сенбіліктер өткізіліп, көшелер, аулалар және қоғамдық орындар тазартылды. Әр тұрғынның үлесі – таза әрі жайлы ортаны қалыптастыруға қосылған үлес.
Тазалық – ортақ жауапкершілік.
Өзіңнен баста!

