Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығында «Шамшырақ» жас ұстаздар хабының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Жиын барысында хабтың алдағы кезеңдегі негізгі бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шаралар мен бастамалар сараланды. Сонымен қатар, жас ұстаздардың кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар әзірленді.
Алдағы уақытта аталған жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.

