Қаскелең қаласында, Қарасай аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитет пен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында Елдорда күніне орай футболдан жарыс өтті. Аталмыш іс-шараға аудан мектептерінің және пробация қызметінің есебінде тұрған жасөспірімдер қатысты. Қарасай ауданы әкімі аппаратының бас маманы Айжан Ізбасардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану. Жарысқа аудан бойынша 8 …
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің есімі тарихта қалатыны сөзсіз. Кеңес Одағының және Ресей Федерациясының батыры атанған, ел мақтанышы биыл 75 жасқа толып, мерейлі мерейтойын атап өтуде. Ұлы даланың ұшқышы Тоқтар Оңғарбайұлының құрметіне орай ауданымызға қарасты «GULNAR BAQ» демалыс орнында құмдағы волейболдан халықаралық жарыс ұйымдастырылып, оның ашылу салтанаты мен алғашқы ойындары өткізілді. Дүбірлі доданың өтуіне …
Өткен аптадағы сенбі күні Қаскелең қаласындағы Жанғозин көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде «TAS GROUP» компаниялар тобының және де «Асыл тас» қоғамдық қорының кішкентай қарасайлықтарға сыйға тартқан жаңа жаздық ойын алаңының ашылу салтанаты өтті. Заманауи алаң (футбол алаңы, балалар ойын алаңы) екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөлігінде арнайы жасанды көгал төселіп, балалардың футболмен айналысуларына арналған үлкен …
2019 жылғы маусым айының 20-да ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен, Қарасай ауданы Шамалған ауылында қазіргі талапқа сай спорт нысаны салынған болатын. Аталған кешеннің ашылу рәсіміне Елбасы арнайы қатысқан да еді. Өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас жеткіншектерге ақ батасын беріп, болашақта еліміздің туын асқақтатын чемпиондар болып шығуларына тілегін білдірді. Биыл, міне, …
«Үшқоңыр» спорт мектебінің шәкірттері түрлі жарыстарда оза шауып, әр аймақта өткен спорттық сайыстарда ауданның мерейін үстем етіп келеді. Жақында мұндағы жас боксшылар республикалық турнирге қатысып, тағы да жақсы нәтиже көрсетті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған айтулы дода Түркістан облысының, Ордабасы аудынанда өтті. Әр өңірдің кіл мықтылары жиналған бұл жарысқа «Үшқоңыр» спорт мектебінде шынығатын 2005-2006, 2007-2008 …
Жасыл алаңда жасындай жарқылдап, ала допты ұршықша иіретін жастар біздің ауданда да бар. Сондай теңбіл доппен тәрбиеленіп келе жатқан жасөпірімдер арасындағы мықтылардың бірі «Үшқоңыр» спорт мектебінде шынығады. 2006 жылғы футболшылардан жасақталған «Үшқоңыр – 2006» командасы аудан бойынша өз қарсыластарына есе жіберген емес. Олар – түрлі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп, ауданның атын шығарып жүрген спортшылар. 1 …
Өткен аптада Алматы қаласында муай тайдан оқушылар арасында ел чемпионаты өтті. 25-30 маусым күндері өткен бұл жарысқа Қазақстанның әр түкпірінен 500-ге жуық спортшылар қатысып, бақтарын сынады. Дүбірлі додада, Жетісудың намысын қорғау үшін, біздің мектебіміздің 10 оқушысы мықтылығын танытты. Облыстық чемпионаттан сүрінбей өткен бірқатар спортшыларымыз бірінші және екінші айналымдарда қарсыластарына жол беріп қойды. Ал, Себель Ахметова …
Жақында Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің, «Жетісу бөрісі» атты Алматы облыстық іріктеу жарысы өтті. Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған дүбірлі додаға Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев арнайы қатысып, жарыс алдында спортшыларға сәттілік тіледі. 18 палуан бақ сынаған үлкен аламан өте …
Түрлі спорт түріне баулып, шәкірттерін биік белестерге жетуге баптайтын №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қашанда жақсы нәтиже көрсетуден жалыққан емес. Жақында бұл орталықтың волейболшылары Жетісу жерінің намысын қорғап, ел чемпионатында ІІІ орынды иеленді. Облыстық құраманың сапында аталмыш спорт мектебінде жаттығатын Меруерт Алтынсақа мен Нұрайым Абайхан да болғанын айта кеткен жөн. Бақыт Иманбекұлы жаттықтыратын қос …
Ауданымызда спортшы жастардың қатары артумен қатар, олардың жеткен жетістіктері де көпшілікті тәнті етуде. Сондай мақтаныштардың қатарында ағайынды Бауыржан және Талғат Баймұхамбетовтер жаттықтыратын Жамбыл орта мектебінің оқушысы Диана Пивцова да бар. Муай-тай спортын серік еткен жас аруымыз жақында Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының кубогында бақ сынап, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Оның бұл жетістігі байрақты бәсекеде шыңдалуына …