ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолға алуымен осы жылдың қыркүйек-қараша айларыда аудандар мен қалалардың ұсынған ауылдарында «Рухани керуен» жобасының ІІ кезеңін өткізу жоспарланған еді. Осы бір игі бастаманы аудан әкімдігі де назардан тыс қалдырмай, ауданымызға қарасты Шамалған және Райымбек ауылдық оркугтерінде аталмыш жоба …
Қазіргі таңда жіті респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмау кең таралған аурулар тобы болып саналады. Бұл аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы – ол вакцинация. Тұмау және ЖРВИ ауруларының алдын алу мақсатында еліміздің барлық аймақтарында оған қарсы екпе салдыру науқаны жүргізіліп жатыр. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың қыркүйек айында маусымдылық кезеңі басталуына орай, жуырда …
Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданғаны белгілі. Сол мерейлі күн елімізде Қазақстан халқының тілдері күні ретінде жыл сайын атап өтіледі. Осыған орай жер-жерде тілге арналған түрлі іс-шаралар болуда. Өзге ұлт өкілдері арасында тіл білімінен байқаулар, Тіл фестивалі, ашық сабақтар, конференциялар түрінде ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар мемлекеттік тілдің кең қанат жаюына айтарлықтай ықпал етуде. Мәселен, жуырда Қаскелең қаласындағы …
Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға, еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасайды. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа біріктіріп, ел дамуына үлес қосып келеді. Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Тарихымызға үңілсек, оған …
Елбасының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында, облыста жылда тамыз айынын бірінен бастап, «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. 2009 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан бұл игі істің мақсаты – жетім балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға және аз қамтылған отбасыларының балаларына көмек көрсету. Осы орайда қыркүйектің 22-сі күні, ҚР …
Құлаққа түрпідей естілетін «діни экстремизм, терроризм» сияқты ұғымдар қазіргі қоғамға қауіп әкелетіндердің қатарында. Олар – ислам дінінің атын жамылып, сұрқия саясатын санамызға сіңіруді көздейтіндер. Мұндай дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтануымыз керек? Әсіресе, еліктеуге құмар жастар жағы олардың арбауына түспесе екен дейміз. Осыған орай, өткен аптаның аяғында, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен, «Радикалды діни ағымдардың қауіптілігі» …
Осы аптаның басында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жиынның мақсаты ауданымызға қарасты бірнеше ауылдық округ тұрғындарының өтініштерін тыңдап, олардың қойған сауалдарына жан-жақты жауап беру еді. Қоғамдық қабылдауға айтылған мәселелерге қатысты тиісті ауыл әкімдері мен бірнеше бөлім басшылары қатысты. Алғаш болып қабылдауда болғандардың бірі – Шамалған ауылдық …
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Алматы облысында 100-ден астам игі шара қолға алынған. Соның бірі облыстық Дін істері басқармасы ұйымдастырған «Рухани керуен» жобасы. Мұнда әр саладан жасақталған арнайы топ ел аралап, аймақтағы жұрттың тыныс-тіршілігімен танысып, әртүрлі кездесулер өткізу арқылы халыққа мемлекет басшысының баянды бағдарламасының түрлі бағыттары бойынша жұмыстарын жүргізді. Солардың қатарындағы керуен өкілдері, …
Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы облыстық дін істері жөніндегі басқармасының дін саласы проблемаларын зерттеу орталығының бастамасымен, барлық аудан орталығы қамтылған ерекше сипаттағы «Рухани керуен» жобасын жүзеге асыру басталған еді. Осы орайда ауданымызға 25 адамнан тұратын топ келіп, аудан әкімдігімен бірлесіп, әртүрлі шараға қатысты. Мәселен, Шамалғандағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында осы рухани керуенге қатысушылар қадірлі …
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» шағын бағдарламасы аясында туған жерінің дамуына көп үлесін қосқан азаматтарға арналып «Жомарт жүрек» жобасы ұйымдастырылған. Иә, азаматтық жауапкершілігімен өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар көтермелеуге лайықты. Осыған байланысты өткен аптаның жұмасында аудан әкімі Жандарбек Далабаев аудандық кезеңнің қорытындысына сәйкес, осы сыйлыққа лайықты деп табылған бірқатар тұлғаларды марапаттады. Атап айтсақ, олар – аудандағы …