Елбасымыз биылғы Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет екенін айтқан болатын. Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылып келеді. Оның ішінде еліміздің әр аймағында ашылып жатқан фронт-офистерді де айтуға болады. Жақында біздің аудандық полиция басқармасы жанынан да аталған фронт-офис ашылып, аудан халқына тиісті қызметін көрсетуде. Полиция жұмысының ашықтығын көрсететін бұл …
Дүйсенбі күні аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, оның жұмысын кеңес төрағасы С. Мәсімақынов жүргізіп отырды. Күн тәртібі бойынша Сағат Ұлтарақұлы алдымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзі жайында жан-жақты баяндап, осы орайда баса мән берілетін аса маңызды он бағыт туралы кеңінен әңгімеледі, олардың нақты жүзеге асырылуы халықтың тұрмысын …
Ұлт болашағы, тәуелсіздік тұтқасын берік ұстайтын, еліміздің ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын – жастар. Сондықтан да мемлекетімізде жастардың мәселесіне қашанда ерекше назар аударылып, үлкен ықылас танытылады. Таяуда Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өткені белгілі. Онда Мемлекет басшысы еліміздің дамуына және халықтың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейінің көтерілуіне бағыттылған он бағытын …
Таяуда ғана жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ресми қызметіне кірісу рәсімінде көптеген маңызды мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Оның ішінде бесінші бағыт ретінде, яғни, тұрғын үй мәселесін шешуді де қолға алуды тапсырғаны белгілі. Онда ол түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударатынын айтып, алдағы уақытта бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұрғанын …
Аудандық мәслихат депутаттарының басым дауысын жинаған Ренат Кенеев, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-ші бабының 1-тармағына сәйкес Елтай ауылдық округі әкімі болып 2019 жылдың 26 маусымынан бастап тағайындалды. Округ ауданымыз-дағы күре жолдың бойында орналасқан, әртүрлі саладағы үлкен кәсіпорындары бар округ ретінде ерекшеленеді. Жуырда аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы Елтай ауылдық округі әкімдігіне келіп, жаңа …
Тосыннан келген қиындыққа тап болған Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созуға жетісулықтар да жедел жұмылды. Осы аптадағы сәрсенбінің сәтті күнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен арыстық ағайынға арналып Жетісу өңірінен жиналған алғашқы гуманитарлық көмектің 8 жүк машинасынан құралған керуені Түркістан облысына аттанды. Қиын сәттерде халықтың бірлігі бұл қайғылы оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар үшін аса …
Талдықорған қаласында «Жетісу Арыспен бірге!» акциясы басталып, облыс орталығында гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылды, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Гуманитарлық көмек көрсету пункті Талдықорған қаласы Қабылиса жырау көшесі, 127 үйде орналасқан. Ол бір ай көлемінде таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 21-ға дейін жұмыс істейтін болады. Аталмыш акция ұйымдастырушылар мәлімдеуінше Алматы облысының атынан Арыс …
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кезекті «Түбіртекті талап ет — жүлде ұтып ал» атты республикалық науқан өткізілуде, деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйінсек, мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған науқанға кез-келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл үшін оған тұтынған тауарды немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің …
Жетісу өңірінің шалғай ауылдары күннен қуат алатын электрстанциялармен толық қамтылады, деп хабарлайды Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл жөнінде Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде өткен жиында «Азия жүрегі» мәдениет және экологияны қолдау қорының президенті Вадим Ханифович хабарлады. Жиында ол энергия үнемдеуге, және экологияның ластануын алдын алуға бағытталған «Көмірсутекті электр энергия генераторларын пайдаланудан бас тарту және жаңартылатын …
Жан-жақты көрсетіліп отырған мемлекет қолдаулары бүгінде еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамып, оның қоғамдағы өз үлесін қосуына бірден-бір мүмкіндік тудырып отыр. Соның бірі – 2017 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» еңбек бағдарламасы. Оның басты мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін дамытуға бағытталған. Яғни, жұмыспен қамту орталығына …