Осыдан бір апта бұрын аудан әкімі Жандарбек Далабаев Жандосов ауылдық округінде ауыл тұрғындарының алдында екінші есептік кездесуін өткізді. Аудан басшысының есебін тыңдау үшін ауыл халқы аталмыш ауылмен аттас орта мектептің мәжіліс залына жиналды. Бұл жиынға қатысушылардың қатарында осы ауылдық округтің әкімі Алпамыс Айдаров, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары, әр салаға қатысты бөлім басшылары, ауданның …
Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың Елтай ауылдық округінде өткізген халық алдындағы кезекті есеп беру кездесуі облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдымановтың қатысуымен өтті. Есепті кездесуде аудан басшысы жергілікті тұрғындарға өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында жан-жақты айтып, осы жылы назарға алынып отырған жоспарларымен бөлісті. Жалпы, баяндамада өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2019 жылдағы міндеттер кеңінен …
Біздің замандастарымыздың арасында да ата-бабадан желісі үзілмей келе жатқан аманатқа адал, адамгершілік рухы жоғары жандар аз емес. Олардың ерлік істері бірде еленсе, бірде еленбей жатады. Дегенмен, ондай ержүрек азаматтардың қатары бүгінде жаңа есімдермен толығып, өз замандастарына үлгі көрсетіп жүргені анық. Мінеки, осындай ер мінезді жандардың ішінде өзгенің өмірі үшін өз өмірін қауіпке тігіп, бес адамды …
Алып шаһар Алматы қаласы біздің ауданға іргелес жатқандықтан, екі ортада қатынайтын жолаушылардың легі жетіп артылады. Басым көпшілігі жұмыс бабымен қатынаса, енді біразы білімін жетілдіріп жүрген студенттер. Ал, олардың көбісі қоғамдық көліктің қызметін пайдаланғандықтан, олар үшін жол қашықтығы мен уақыт үнемі қашанда маңыздырақ. Жақында қоғамдық көлікте қатынайтын қарасайлық жолаушылар үшін жақсы жаңалықтардың бірі болған ол – …
В минувший вторник одновременно во всех горсельокругах района началась новая череда ежегодных отчетных встреч акимов с населением. На первом этапе проходят они на уровне горсельокругов, а затем будут продолжены на районном уровне. Каскеленцы свою первую встречу провели в актовом зале средней школы имени Керимбекова. Открыла и вела ее первый заместитель председателя районного филиала партии «Нұр …
Мемлекеттегі әр тұрғындарды анықтау үшін халық санағын жүргізу маңызды үрдістердің бірі. Ал, ондағы алынған мәліметтер арқылы балалардың, жастардың және қарттардың санына нақты көз жеткізіп, сол көрсеткішке байланысты келешекте қай өңірде қанша мектеп, аурухана сияқты нысандардың қажет екенін де жоспарлауға болады. Елімізде алғаш халық санағы тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы жүргізіліп, ол кезде адам саны 14,9 …
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері бекітілген. Осыған байланысты аудан әкімі Жандарбек Далабаев үстіміздегі аптада аудан халқының алдында өзінің есептік кездесуін бастады. Оның алғашқысын Елбасының кіндік қаны тамған Шамалған ауылдық округіндегі ауылмен аттас қазақ орта мектебінің мәжіліс залында өткізді. Жиын алдында Жандарбек …
Өткен желтоқсан айының аяғында,Қарасай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаевтың ұйымдастыруымен, Іргелі ауылдық округінде орналасқан «Aport Mоll» сауда орталығының ойын алаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша 50 балаға арналған жаңажылдық шырша өткізілді. Бұл мерекеге осы аудандық ұйымға қарасты отбасылық жағдайлары төмен, көпбалалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан және кәсіподақ мүшелерінің балалары қатысты. Мерекелік жаңа жылдық шыршада мультфильм …
«Келесі 2019 жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Қазақстанның болашағын жастарымызды әр салада қолдауымыз керек», – деген еді Президентіміз халыққа арнаған кезекті Жолдауында. Елбасының жерлестері, яғни, шамалғандықтар бұл ұсынысты қуана қолдап, оны жүзеге асыруға алғашқылардың бірі болып кірісіп кетті. Осы мақсатта жуырда Шамалған округіндегі «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында округ әкімі …
Рождество – один из двенадцати великих праздников Православной Церкви. В нашей традиции эти праздники принято называть двунадесятыми. Это великие торжества Церкви, которые посвящены важнейшим событиям, связанным с жизнью Господа Иисуса Христа, Божией Матери и с историей Христианской Церкви. Рождество – это праздник, которым вспоминается рождение Иисуса Христа – Сына Божия в человеческой плоти. Воплощение Бога …