«Біртұтас қоғам: келісім мен сенім» жобасы аясында Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық округіндегі «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында маңызды басқосу өтті. «Бірлік пен келісім – бірлескен жұмыстың басты бағыты» тақырыбына арналған дөңгелек үстелді Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы Қоғамдық келісім және даму орталығының аудандық филиалы ұйымдастырды. Жиынды аталған орталықтың жетекшісі Дидар Өтемісов ашып, жүргізді. Шараның басты ерекшелігі …
Жақында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңды құрметтеу – дені сау қоғамның кепілі» тақырыбында Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығы мен Қарасай ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығымен бірлесіп, «ARMAN DALA» балаларды сауықтыру лагерінде ұлдар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және дене белсенділігін …
Летние каникулы – это особенное время, когда школьники могут укрепить здоровье, раскрыть свои способности, приобрести новые знания, познакомиться с историей и природой родного края, найти новых друзей и получить яркие впечатления. О том, как они проходят в нашем районе, мы попросили рассказать главного специалиста районного отдела образования Гульнару Бихожаеву. – Счастливое детство – это не …
Кейінгі жылдары қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында мемлекет тарапынан ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы орайда, Қарасай ауданында өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмыстық жанжалдардан зардап шеккен шаңырақтарға ерекше қолдау көрсетіліп келеді. Дәл осындай жан-жақты көмекке зәру отбасылардың бірі қазіргі уақытта Шамалған ауылдық округінде тұрады. Осыдан 9 ай бұрын …
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан жаңа конституциялық кезеңге қадам басты. Осы жылдың айшықты жаңалығына айналған бұл саяси сәт енді тарих қойнауында сақталады. Дәл осы күні республикалық референдумда қабылданған еліміздің жаңа Конституциясы ресми түрде қолданысқа енгізілді. Ал 1995 жылы қабылданған Ата Заңның күші жойылды. Алдағы уақытта мемлекетімізде маңызды өзгерістер орын алып, конституциялық реформа жүйелі түрде …
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа саяси дәуірі басталды. Жақында Парламенттің қос палатасы – Сенат пен Мәжіліс соңғы отырыстарын өткізіп, халық қалаулылары тарих қойнауына кеткен Парламент қабырғасымен қош айтысты. Ал сейсенбі күні Астана төрінде Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы өтіп, атқарылған жұмысқа есеп беріліп, жаңа Конституция аясындағы мақсат-міндеттер нақтыланды. Алқалы жиынға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, егемен еліміздің …
Аулаңыздың айналасын таза ұстамасыңыз айыппұл арқалайсыз. Заң шеңберінде орындалатын мұндай қадағалау жұмыстарына бұдан былай жергілікті әкімдік тарапы да араласуға құқылы. «Заң мен тәртіп» қағидасына негізделген осы бағытта аудан көлемінде рейдтік шаралар қолға алынған. Солардың біріне біз де қатысып, осы аптада Қаскелең қаласы әкімдігінің өкілдерімен және жергілікті учаскелік полиция инспекторымен қала ішіндегі ретсіздікке куә болдық. Назарымызға …
Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету …
Алматы облысында жіті ішек жұқпалары бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Баймұхаметқызы Капсаламова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, 2026 жылдың басынан бері облыста жіті ішек жұқпасының 24 жағдайы тіркелген. Оның 16-сы немесе 67 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Өткен жылдың сәйкес …
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Осы бағытта қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге ерекше назар аударылады. Жалпы, қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары қоғам өмірінің түрлі салаларын қамтиды. Департамент азаматтардың құқықтарының бұзылуын анықтау және оларды қалпына келтіру мақсатында …










