Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылындағы «Алақай» деп аталатын өнер мектебі бүгінде талай дарынды баланың өнеріне жол ашып, шығармашылық жағынан шыңдалуына үлкен септігін тигізіп келеді. Өнер ордасындағы үйірмелерде балалар тегін оқиды. Анығын айтқанда, вокал, ұлттық би, заманауи би, визаж-грим, домбыра, сурет, ағылшын тілі, актерлік шеберлік, зергерлік өнер, қолөнер сияқты сабақтарды оқушылар ақысыз оқуға мүмкіндіктері бар. 2021 …
Ұзынағаш ауылындағы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте «Ашық есік күні» өтті. Аталған оқу ошағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында жабдықталды. Нақтырақ айтқанда, Назарбаев зияткерлік мектебінің стандартына сәйкес, 37 оқу кабинеті мен шеберхана, сондай-ақ STEM-зертхана, АРТ-студия, интеллектуалдық холл, кітапхана және …
Қазақты әлем халқына ғажап халық екенін танытып тұрған ол – біздің ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнеріміз. Алайда бүгінде технологиялардың, ғаламтордың дамыған кезінде, жастарымыздың көбі шет елдердің мәдениетіне иеліктеп, солардың құндылықтарына басымдық беріп жүргені ата-бабамыздан келе жатқан қазақи құндылықтардың ұмытылып бара жатқанына әкелуде. Осыған байланысты қазіргі таңда елімізде жастардың арасында …
Тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде екенін ескерсек, ең бірінші кезекте өзгерістер солардан басталуда. Нақтырақ айтқанда, бүгінде тәрбиешілердің ұйымдастыру жұмыстарында әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Осыған байланысты бүгінде аудандық білім бөлімінің бастамасымен өңіріміздегі мемлекеттік балабақшаларда өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында жекеменшік балабақшаларының тәрбиешілерінің қатысуымен ауқымды семинарлар өткізілуде. Күні кеше осындай семинар орталығымыз Қаскелең қаласында …
Ученики каскеленской средней школы имени В.Г. Белинского показали самые лучшие результаты на Международном конкурсе научно-исследовательских проектов и творческих работ «Наука без границ», проходившем в Москве. Домой они привезли три Гран-при, Дипломы первой степени и медали. В их родной школе была организована торжественная встреча победителей. Шествие возглавила директор этого учебного заведения Турсын Сайбырова. Вместе с нею …
Бүгінгі таңда арнайы мамандар мен ұстаздарды елімізде тіл кемістігі бар балалар санының көбеюі алаңдатуда. Сондықтан психологтардың, логопедтердің және дефектологтардың педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру мәселесінің бүгінгі күні өзектілігі жоғары. Осы мәселеге байланысты өткен аптаның жұмасы күні оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдайын жасау үшін көптеген ауқымды жұмыстар жасап жатқан А.Байжанов атындағы білім ордасы өз қабырғасында ауқымды …
Жаңартылған білім беру болашақтағы сапалы білім кепілі деп тануға болады. Адамзат қоғамын алға апаратын күш – ол сапалы білім. Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер біздің еліміздің білім беру жүйесін қайта құру қажет екенін көрсетуде. Осы ретте соңғы жылдары еліміздің оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім саласында бірнеше тың өзгерістер мен жаңашылдықтар орын алуда. Олардың қатарына …
23 ақпанда Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына кандидат Асхат Асылбеков Жамбыл облысы Қордай, Шу және Т.Рысқұлов аудандарының тұрғындарымен кездесті. Басқосу барысында көпбалалы аналар, жастар, жер мәселелері және зейнетақы жайы сөз болды. – Ауылды аймақтарды дамытудың бірыңғай картасын әзірлеу керек. Бұл бағдарлама шеңберінде ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын …
Қазақстан Халық партиясы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының сайлаушыларымен кездесті. Іс-шара жергілікті Мәдениет үйінде өтті. ҚХП төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков ауыл тұрғындарын партия бағдарламасымен таныстырды. Айта кету керек, Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында агро-өнеркәсіп кешендерін, ауылдық аймақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінген. – Біз – қалалар мен ауылдардың таза ауасы, сәулетті келбеті үшін күресеміз! Әрбір елді …
Қарасай ауданында білім саласы бойынша ең өзекті мәселенің бірі – үш ауысымды мектептер. Ресми дерекке сүйенсек, бүгінде олардың саны 12-ге жеткен. Алайда бұл мәселені оңтайлы шешу үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, кейбір мектептерге қосымша жапсаржай салынса, бірқатар елді мекендерде жаңа білім ошақтары бой көтеруде. Нәтижесі де жоқ емес. Соның айғағы ретінде аптаның алғашқы күнінде ашылған …