25 мыңдай халқы бар «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің ең басты мәселесі – мұнда бүгінгі күнге дейін мектептің жоқтығы. Қазіргі таңда бұл жердегі оқушылардың біразы жақын орналасқан Кемертоған ауылындағы мектепке барып оқыса, қалғаны Қаскелең қаласы мен іргелес жатқан Алматының бірнеше мектебіне барып білім алады. Анығын айтқанда, асылармандық ата-аналар ұл-қыздарын ары-бері тасып, алыс мектептерге оқытудан қажыды. …
Жаңа оқу жылы басталғанда оқушылардың көптігінен олардың үш ауысымда білім алуы ең өзекті мәселеге айналатыны жасырын емес. Мұндай жағдай біздің ауданда да соңғы жылдары үнемі байқалуда. Ата-аналардың сансыз сауалдарына айналған мектептің жеткіліксіздігі немесе қолданыстағы білім беру мекемелерінің тарлығы – қоғамның қызу талқылауында. Күрмеуі қиын мәселенің нақты шешімі – жаңа мектептің іргетасын қалау. Одан бөлек, жапсаржай …
«Ұстаз – ұлық бәрінен» дейді дана қазақ. Расында да, ұстазының алдында басын имейтін, оны қастерлеп, қадір тұтпайтын жан мына дүниеде, әй, жоқ шығар. Өйткені, әр адамды да өз ата-анасынан өзге, кішкене кезінен білім өріне өрмелетіп шығаратын, сана-сезімінің сергек болып, толығып-толысуына бастайтын, адамдықтың ақ жолына адастырмай анық апаратын, әрине, ұстаздар. Олардың жас құрақтай жайқалып өсіп келе …
«Білімдінің алды жарық…» деген дана халқымыз қай заманда да ұрпағының білім алуына ерекше көңіл бөліп, оған қол жеткізуіне бар мүмкіншілігін пайдалануға ұмтылған. Ұстазға деген құрметі мен сенімі шексіз бола отырып, білімдіге артар үміт, арманы да асқақ болған. Бұл кәсіп иелерінің арамыздағы ерекше орнын «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» …
Вот уже без малого 40 лет прививает детям любовь к знаниям, к русскому языку и литературе учитель-новатор высшей категории средней школы имени Сатпаева Лейла Ахмедова. Интересно то, что родилась и выросла она в городе Каскелен, где начала и продолжает свой профессиональный путь. А помогли ей в этом дорогие родители – папа Али Максудович и мама …
На днях секретарь Алматинского областного маслихата Жанболат Жоргенбаев в рамках рабочей поездки в наш район вместе с группой депутатов провел мониторинг капитального ремонта средней школы имени В.Г. Белинского. Стоит отметить, что расположена она в Каскелене и является самым старейшим общеобразовательным учреждением не только района, но и области, поскольку в текущем году отмечает свое 154-летие. Здание, …
Қазіргі заманда жаһандық, маңызды, керекті тілдердің бірі – ағылшын. Көптеген алпауыт елдердің ортақ ой алмасуына айналған бұл тілдің қажеттілігі заман талабына сай артып келеді. Осы сұранысқа байланысты еліміз бойынша ағылшын тілін оқытатын білім ордасының саны да аз емес. Озық оқушыларын дайындайтын мұндай мектептердің қатарында Алматы облысына танымал, талай оқушылардың зейінін ашып, жетістікке жетелейтін «CES for …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында ғана ұсынылған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауынан туындайтын ауқымды міндеттер мен асқаралы мақсаттар бүкіл қазақстандықтардың көңілінен шығып, ертеңгі күндерге деген сенімін айрықша арттырып отыр десем, еш артық айтқандық емес. Жолдауда Президентіміз алда шешілуі тиіс көптеген іргелі істерді атап-атап көрсетті. Олардың ішінде экономика, әлеуметтік …
Ұмтыл ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстаздарымен «Ғасырлармен үндескен Жамбыл жырлары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада Жамбыл Жабаевтың шығармаларын , оқушыларға толыққанды насихаттау жұмыстарын орындау туралы талқыланды.
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Бұл – айтулы мереке. Тәуелсіздіктің ең басты белгісі – оның негізгі халқының ана тілі, ұлттық мәдениеті. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген ел өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана …