
Наурызнаманың онкүндігі аясында 19 наурыз – «Жаңару» күнінде Қаскелең қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның құрылғанына 85 жыл толуына орай, «Тұлғалар жолын жалғаған ұлы көш: кеше, бүгін, болашақ» тақырыбындағы облыстық көшбасшылар алаңы өтті. Ұрпақтар сабақтастығын көрсету және мектеп қабырғасы қаланған сәттен бастап қазіргі кезге дейін іргесін көтеріп келе жатқан көшбасшылардың басын қосып, аманаттарын табыстау осы кештің басты […]









