«Ұстаз – ұлық бәрінен», дейді дана қазақ. Расында да, ұстазының алдында басын имейтін, оны қастерлеп, қадір тұтпайтын мына дүниеде жан жоқ шығар, сірә. Өйткені, әр адамды да өз ата-анасынан өзге, кішкене кезінен білім өріне өрмелетіп шығаратын, сана-сезімінің сергек болып, толығып-толысуына бастайтын, адамдықтың ақ жолына адастырмай анық апаратын, әрине, ұстаздар. Олардың жас құрақтай жайқалып өсіп келе …
Кәсіптік білім мен жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері студенттердің болашағы үшін қажет-ақ. Осы тақырыптың айналасында аптаның сейсенбісінде , С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінде облыстық семинар өтіп, «энергетика» мамандығының білімгерлер үшін қажеттілігі, олардан мықты маман дайындау мәселесі талқыланды. Анығын айтқанда, аталмыш колледж бен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті өзара іскерлік қарым-қатынасты нығайтып, болашақ …
Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушылары бір ғана тілді, яғни, қазақ тілін меңгереді. Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады. Ал орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл қатар оқытылады, 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов nur.kz порталына берген сұхбатында айтты. «Зерттеулер мен талдаулар …
Бекболат ауылындағы 1 Май орта мектебіне атау беру туралы мәселе осы уақытқа дейін талай талқыланған болатын. Білім ошағына оның іргетасын қалаған Ұлы Отан соғысының ардагері Әбікен Боздақовтың есімі берілсе деген артындағы ұрпақтары мен ауыл тұрғындары ұсыныс білдірген еді. Одан бөлек Қапал батыр деп атауды құптағандар да болды. Сонымен осы аптада ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 6 …
Ағымдағы жылдың 26 мамырынан Қазақстанда білім сапасын арттыру және пандемия кезіндегі білім олқылықтарын толтыру мақсатында жазғы мектеп басталды. Балалар небәрі 16 күн оқиды. Аудандық білім бөлімінің берген мәліметінше, оқушылар тек ата-анасының келісімімен ғана сабаққа қатыса алады. Яғни, жазғы мектептегі сабақ міндетті емес. Жазғы мектеп 9 және 11 сыныптардан басқа барлық оқушылар үшін жұмыс істейтін болады. …
В казахстанских школах вводится целый ряд новшеств. Касаются они единовременных денежных выплат победителям международных олимпиад; установки табличек с QR-кодом по защите прав детей; введения трудового обучения с первого класса, а также штатных педагогов-профоориентаторов с седьмого класса. Ближе к новому учебному году эти нововведения коснутся и школ нашего района. Об этом мы попросили рассказать заместителя руководителя …
Қазақстан мектептерінің тәжірибесінде «менторинг» ұғымы жас мамандармен жұмыс аспектісінде біраз уақыттан бері қолданылып келеді. Ал Қарасай ауданындағы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясында өткен жылдан бастап менторингті жаңа бағыттарда қолға алған болатын. Өткен аптаның сенбісінде аталған білім ордасының ұжымы Алатау баурайында орналасқан «Аul RESORT» демалыс орталығында «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты ауқымды педагогикалық идеялар …
Кеше Сулейман Демирель атындағы университте студенттер референдумның маңыздылығын талқылады. Жиынға қатысқан жастар референдумның өткізілуін қолдайтынын айтты. СДУ Әлеуметтік істер департамент директоры Ванкеев Шамиль референдум елімізді жаңа бағытқа өзгертудің тиімді жолы екенін айтты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқару ісіне, заң шығару процесіне өзгерістер енгізуді бастап кеткені баршамызға мәлім. Өзгерісті тек басшымыз немесе …
Қазіргі уақытта мектептерде оқушылар мен мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Оның басты мақсаты оқушыларды өздігінен білім алуға ынталандыру, ізденіске баулу болып табылады. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың білім мен біліктері артып келеді. Десе де мұғалімдердің бұл бағыттағы жіберіп жатқан кемшіліктері аз емес. Осыны түсіндіру мақсатында аптаның сәрсенбісі күні Алтын ауыл орта мектебінде …
Қазақстанда жалпы ғалымдардың 54%-ын әйелдер құрайды. Бұл туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Думан Орынбеков «Қазақстан ғалым әйелдері» қоғамдық бірлестігінің форумында айтты. Елімізде «Қазақстан ғалым әйелдері» қоғамдық бірлестігі ғылым мен қоғамда: заманауи тұлға дамуының этномәдени негіздері» республикалық ғылыми-практикалық форумы өтті. Форумда заманауи тұлға дамуының қайнар көздері, ұлттық сананы қалыптастырудағы ана тілінің, төл мәдениетінің және отбасының …