1967 жылы Қазақ Мемлекеттiк Ауылшаруашылығы институтының жеміс-көкөніс факультетін бітіргеннен бастап, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында қажырлы еңбек етіп келе жатқан, ғылыми ортада танымал ғалым, картоптың жаңа сорттарын шығару мен дақылдың тұқым шаруашылығын дамытуда ауылшаруашылығы қызметкерлерінің арасында лайықты құрметке ие болған ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі «Қазақ жеміс …
Еліміздің басты дақылы бидай мен оның ұны экспортқа шығатын негізгі ауыл шаруашылық өнімі болып саналады. Бидайды экспорттауда Қазақстан әлемде 6-шы, ал ұн экспорты бойынша 1-орында тұр. Және қандай бидай десеңізші! Әлемдегі ең сапалы бидай мен ұн қазақстандық бренд болып танылады.Әрине, бұл кең байтақ даламыздың топырағы мен климаттық жағдай ерекшеліктерінің әсері екені сөзсіз. Дегенмен де, бидайдың …
Ауданымыздағы көзі тірі майдангердің ең жасы үлкені Иса Төлеңгітұлы Керімтаев атамыз. Райымбек округіне қарасты Қырғауылды ауылында тұратын қария осы жаңа жылдың алғашқы күнінде, атап айтқанда, 1 қаңтарда 100-дің биігіне шықты! Ол кісі бұдан тура бір ғасыр бұрын, яғни, 1921 жылы қазіргі Райымбек (бұрынғы ВОГПУ-дың қосалқы шаруашылығы) ауылында дүниге келген. Ержеткен соң мұғалімдік мамандық алған жас …
Әрбір адал ниетті адам өз ғұмырының мәнді де мағыналы, атқарған ісінің жемісті де табысты болуын бар жанымен қатты қалайды. Иә, адал еңбегіңмен, қалтқысыз қызметіңмен ғана ел-жұрттың алдында абыройың артады, беделің биіктейді, сый-құрметке бөленесің. Мұндайда туған-туысыңа да, жора-жолдасыңа да қадірлісің, тіпті, отбасыңның алдында да жүзің жарқын болады. Айналаңа жақсы жандар үйіріліп, үлкен үлгіңді алады, өне бойы …
ауған соғысының от-жалынында жүрген Кешегі кеңес өкіметі кезіндегі ел басына үйірілген үлкен қайғы бұлтының бірі Ауғанстандағы алапат соғыс еді. Иә, сол кездері әскерге алынған жап-жас жігіттер, жат елде интернационалдық борышын адал атқарып, ерен ерліктің үлгісін көрсетті десек, артық айтпағанымыз. Әйтсе де ол жақта талай жастың өмірі қиылды, талай жауынгер отбасына мүгедек болып оралды… Сол ауған …