Журналист апамыз жүз жасады! Сүйінші!.. Қазақ өнері мен мәдениетінде 100 жасаған ғұмырлы тарланбоздар туралы бұған дейін естімеппіз… Интернет шолып, тарихи құжаттамаларды ақтарғанмен ондай деректі кездестіре алмадық. Кеңестік «қызыл журналистика институтының» түлегі – қазіргі тілмен айтқанда, атақты ҚазМУ-дің филология факультетінде ашылған журналистика бөлімінің алғашқы қарлығаштарының бірі – алматылық журналист Ханымбүбі Ақжолова апамыз айды аспанға шығарып, күні …
Ауыл шаруашылық ғылымының дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан ардагер ғалым, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жетекші ғалымдарының бірі академик Ғалиолла Төлендіұлы Мейірман бүгінде 75 жасты еңсеріп отыр. Ғалекең әңгімелескен адамын өзінің кең эрудициясымен баурап алатындығымен, нағыз ғалымдарға тән қасиетпен үнемі ізденіс үстінде жүретіндігімен ерекше. «Атақ дәрежемді алдым, көргім келгенді көрдім, енді жан …
Адам баласының бақытты өмір сүруі үшін не керек? Алдымен, әрине, денінің саулығы, ой-санасының тазалығы, білімінің, мақсат қойып алған мамандығының болуы қажет дер едік. Дегенмен, ең бастысы, біздіңше, жан-жүрегіне жайлылық әкелетін жылы ұясы – отбасының орны бөлек, бөлекше! Дәл осы өзіңнің оңаша үйіңде адамдық арман-аңсарыңа байланысты қанатыңды кеңге жаясың, ерлі-зайыптылықтың қуаныш-қызығына кенелесің, ғұмыр жолынды ары қарай …
Ақ басты алып Алатау алабында жатқан Жамбыл ауданы, көпшілік арасында жиі атап айтылатындай, батырлар мен ақындар елі. Осыған біз өзімізше бұл аймақтан шыққан әкімдер де аз емес деп қосар едік. Бұл да бір талай ұлыларды, тұғыры биік тұлғаларды дүниеге әкелген қасиет қонған өңірдің өзіндік өрнекті жол-жобасын көрсетсе керек. Жалпы, жұртты басқару еш уақытта да оңай …
1967 жылы Қазақ Мемлекеттiк Ауылшаруашылығы институтының жеміс-көкөніс факультетін бітіргеннен бастап, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында қажырлы еңбек етіп келе жатқан, ғылыми ортада танымал ғалым, картоптың жаңа сорттарын шығару мен дақылдың тұқым шаруашылығын дамытуда ауылшаруашылығы қызметкерлерінің арасында лайықты құрметке ие болған ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі «Қазақ жеміс …
Еліміздің басты дақылы бидай мен оның ұны экспортқа шығатын негізгі ауыл шаруашылық өнімі болып саналады. Бидайды экспорттауда Қазақстан әлемде 6-шы, ал ұн экспорты бойынша 1-орында тұр. Және қандай бидай десеңізші! Әлемдегі ең сапалы бидай мен ұн қазақстандық бренд болып танылады.Әрине, бұл кең байтақ даламыздың топырағы мен климаттық жағдай ерекшеліктерінің әсері екені сөзсіз. Дегенмен де, бидайдың …
Ауданымыздағы көзі тірі майдангердің ең жасы үлкені Иса Төлеңгітұлы Керімтаев атамыз. Райымбек округіне қарасты Қырғауылды ауылында тұратын қария осы жаңа жылдың алғашқы күнінде, атап айтқанда, 1 қаңтарда 100-дің биігіне шықты! Ол кісі бұдан тура бір ғасыр бұрын, яғни, 1921 жылы қазіргі Райымбек (бұрынғы ВОГПУ-дың қосалқы шаруашылығы) ауылында дүниге келген. Ержеткен соң мұғалімдік мамандық алған жас …
Әрбір адал ниетті адам өз ғұмырының мәнді де мағыналы, атқарған ісінің жемісті де табысты болуын бар жанымен қатты қалайды. Иә, адал еңбегіңмен, қалтқысыз қызметіңмен ғана ел-жұрттың алдында абыройың артады, беделің биіктейді, сый-құрметке бөленесің. Мұндайда туған-туысыңа да, жора-жолдасыңа да қадірлісің, тіпті, отбасыңның алдында да жүзің жарқын болады. Айналаңа жақсы жандар үйіріліп, үлкен үлгіңді алады, өне бойы …
ауған соғысының от-жалынында жүрген Кешегі кеңес өкіметі кезіндегі ел басына үйірілген үлкен қайғы бұлтының бірі Ауғанстандағы алапат соғыс еді. Иә, сол кездері әскерге алынған жап-жас жігіттер, жат елде интернационалдық борышын адал атқарып, ерен ерліктің үлгісін көрсетті десек, артық айтпағанымыз. Әйтсе де ол жақта талай жастың өмірі қиылды, талай жауынгер отбасына мүгедек болып оралды… Сол ауған …