Өткен апта аталып өткен Астана күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматы облысының бірқатар аудан-қалаларында жаңа көп қабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Осындай қоныстой қуанышын атап өткендер қатарында талдықорғандықтар да бар. Талдықорғандағы «Көктем» шағынауданында «Нұрлы Жер» бағдарламасымен салынған 55 пәтерлік тұрғын үйдің кілттерін қуаныш иелеріне облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов табыстады. Қалалықтарды қуаныштарымен құттықтаған …
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және мерейлі мерекелердің бірі болып саналатын Астана күніне орай Талдықорған қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ жүзу бассейні іске қосылды. 570 орындық, екі қабатты бассейн ғимаратының сыртқы келбеті теңізде жүзіп жүрген алып балықты елестетеді. Мұнда жас спортшылар су добы, суға секіру, аквааэробика сияқты жүзудің барлық түрінен жаттыға алады. Болашақта ғимараттың халықаралық …
Ауданымызда жаңадан облыстық №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ашылып, кеше аудандық соттың ғимаратында өткен жиында Алматы облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сот алқасының төрағасы алдағы уақытта аталмыш соттың құрамында жұмыс істейтін қызметкерлерді таныстырды. Кей кездері қарапайым халық мемлекеттік мекемелер мен түрлі органдардың шешіміне қарсы әрекет жасай алмай жатады. Осы ретте шілде айының бірінен бастап …
Ел болашағы жастардың Отанға деген сүйіспеншілігімен, талаптарына сай талпыныстарымен, жаңа бастамаларға жетелейтін ұдайы ұмтылыстарымен байланысты десек артық айтқандық емес. Сондықтан жас ұрпақ қашанда қоғамның қозғаушы күші болып табылатыны анық. Жоғарыда атап өткен қасиеттерді бойына сіңірген Жетісу жастары жақында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тарихы терең Таразым» атты республикалық квест ойынына қатысып, зияткерлік қабілеттерінің арқасында …
Өткен аптадағы сенбі күні Қаскелең қаласындағы Жанғозин көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде «TAS GROUP» компаниялар тобының және де «Асыл тас» қоғамдық қорының кішкентай қарасайлықтарға сыйға тартқан жаңа жаздық ойын алаңының ашылу салтанаты өтті. Заманауи алаң (футбол алаңы, балалар ойын алаңы) екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөлігінде арнайы жасанды көгал төселіп, балалардың футболмен айналысуларына арналған үлкен …
Алматы облысында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Осы мерейлі күнге арналған салтанатты жиынға облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, жыл сайын 10 номинация бойынша өтетін конкурста биылғы үздік шыққандарды марапаттады. Алматы аймақтық клиникалық балалар ауруханасының гематолог дәрігері Меруерт Жұмабаева мен Іле ауданы Қосөзен дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Алма Сембаева «Үздік дәрігер» және «Үздік ауыл дәрігері» …
Аудан орталығында қас-келеңдіктер мен қала қонақтарына арналған тағы бір «Jar-jar» деп аталатын сауда және тамақтану орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты рәсіміне қоғам қайраткері, меценат Болат Әбішұлы мен аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Нұрділдәқызы қатысып, лентасын қиды. Өз кезегінде аудан басшысының міндетін атқарушы «Кәсіпкерлік нысан ел игілігіне қызмет етсін, алдағы уақытта қарасайлықтардың сүйікті орнына айналсын» деген ізгі …
В минувшую среду в селе Долан Райымбекского сельского округа состоялось открытие врачебной амбулатории, построенной по программе «Дорожная карта занятости — 2020». В торжестве принял участие аким Карасайского района Жандарбек Далабаев. Тепло поздравив сельчан с этим важным событием, Жандарбек Ермекович также сказал о том, что при поддержке акима Алматинской области Амандыка Баталова выкуплен земельный участок для …
Ұлттық мәдениет пен қазақ руханиятының дамуына үлес қосып, осы салада тынымсыз тіршілік етіп жүрген білікті мамандардың атқарып жатқан еңбектері қашанда елеулі. Олар – өнерді өрге сүйреп, дәстүрді жаңғыртып жүрген жандар. Осындай істе белсенділік танытқан бірқатар жетісулықтардың өткен аптада мерейлері үстем болды. Олардың арасында ауданның әлеуетін арттырып жүрген қарасайлықтар да бар болғанын ерекше айтуға болады. Алматы …
Республикалық «Рухани қазына – 2021» байқауының аясында облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі үздік мемлекеттік музей, үздік кітапхана, үздік мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымы мен мәдениет ұйымдарының үздіктері іріктеліп, марапатталады. Мерейі үстем болып, абыройы артқандардың қатарында біздің аудандық тарихи-мәдени өлкетану музейі «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы …










