Осы аптаның сейсенбісінде ауданымызға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы республикалық мониторингтік топтың мүшелері іс-сапармен келіп, бірнеше мәдени орталарды аралап, көпшілікпен, БАҚ өкілдерімен жүздескен еді. Түстен кейін қадірлі меймандар аудандық мәдениет үйінде «Аманат» қоғамдық тану сыйлығының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, белгілі азаматтарға арнайы сыйлықтарын табыстады. Рухани шараның нүктесі Талдықорған …
Мәдениет саласының өсіп-өркендеуі, жаңғыруы қашанда жаңашыл жаңалық алып келуге негізделіп жатады. Сондай өзгерістердің бірі жақында біздің Қарасай ауданында да орын алды. Оған дәйек ретінде аудан бойынша алғаш жас өнерпаздардан құралған «Жастар» театрын айтуымызға болады. Ауданымызда осыдан бір апта бұрын Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі Сулейман Демирел университетінде көпшілікпен аталып өтілген еді. Оның жалғасы жастардың флешмобына …
Көбінде біз естіп жүрген танымал әндердің орындаушысына ғана назар аударамыз. Ал, сол шығарманы жаныңа жақындатып, көңіліңнің бір түкпірінен орын алатындай етіп жөндеп, тыңдарман жүрегіне жол ашатын өңдеушінің (аранжировщик) бар екенін ескере бермейміз. Міне, Қуаныш Құрманбаев дәл осындай өзі көзге көп түспесе де, Алланың берген дарыны мен ерекше еңбекқорлығының арқасында тынысын ашқан тың дүниелері, яғни, әсем …
Мен туған жер Қарасаз баурайдағы, Жалғанда жер біткеннің балқаймағы. Есім кетіп жүргенде ес білдірген, Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы! Мұқағали Мақатаев. Бір өлеңі бір елдің мұрасындай болған Мұқағали ақынның: Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында, Барып қайт салқын самал малды ауылға. Бір жер бар «Қарасаз» деп аталатын, Көресің жолың түсіп барғаныңда. Көресің көк орманын, жылғаларын, Мөп-мөлдір қайнап шыққан …
Үстіміздегі жылдың 21-ші қаңтарында, Қарасай ауданының 90 жылдығы мен Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, музей қызметкерелері Еңбекшіқазақ ауданының орталығы – Есік қаласында орналасқан Есік археологиялық-өлкетану музейіне «Қарасай – қазыналы, құтты мекен» атты көшпелі көрме апарып, сондағы жұртшылықтың назарына ұсынды. Көрмеге XIX-XX ғасырларда қолданыста болған тұрмыстық заттар, еңбек құралдары, Ұлы Отан соғысы және …
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов еліміздің музыка өнері жайында «Қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс – тарих үшін елеулі бұйым» деген екен. Расында да, қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі халқымыздың бітім-болмысы, …
Өткен жылдың аяғында аудандық мәдениет үйінде көп адамның көңіліне әдемі әсер қалдырған жан сүйсінерлік жақсы бір өнер кеші өтті. Ол, анықтап айтсақ, белгілі ақын Серік Қалиевтың шығармашылығына, сондай-ақ, «Атадан жақсы ұл туса…» деп аталатын су жаңа кітабының тұсаукесеріне арналған мазмұнды, мағыналы басқосу еді. Қазіргі кезде қазыналы Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры болып істейтін Серік Мақұлбекұлы …
Президент жайлы қызықты деректер мен еңбек жолдарын халыққа бір жыл көлемінде насихаттап келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Тәуелсіздік күніне және орталығымыздың бір жылдық мерейтойына орайластырылып «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Орталық меңгерушісі ашылған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта қандай жұмыстар атқарылғаны жөнінде кеңінен айтып, …
В конце ноября текущего года Федерация арабских танцев «Ориенталь» организовала V республиканский фестиваль-конкурс по танцевальному искусству «Танцующий мир». Проходил он в городе Алматы, в «Гранд парке». В фестивале приняли участие и воспитанники детского сада «Айгөлек», в частности, старших групп «Балбөбек», «Қуырмаш» и «Сұңқар». Они исполнили танцы «Листопад», «Урожай», «Осенний сад», «Злая тучка», «Ягодки» и заняли …
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған, «Балалық шағымның куәсі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мұнда Елбасының сыныптастары бас қосты. Бар әлемге шын танылдық, міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз! – деп ақындарымыз жырлағандай, бұл күні …