Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында кеше Қаскелең қаласының «Қарлығаш» ықшам ауданында екі пәтердің кілті табысталды. Баспананың бірін аудандық мәслихат депутаты, «Таусамалы Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Бауыржан Айнабеков өз атынан жомарттық танытып, әлеуметтік осал топтарға жататын отбасына бір бөлмелі пәтерді сыйлады. Ал, екінші пәтердің кілтін «Еламан» ЖШС құрылыс компаниясының басшысы Ерғали Миразов көпбалалы отбасына үш бөлмелі баспананың кілтін тарту етіп, аталмыш жанұяға үлкен жақсылық жасады. Жаңа қоныс иелеріне шаңырақтың шаттығын, берекесін тілейміз!
11:18, 11 марта 2019 Лайк 0 2
Баспана берілді
Об авторе: naqtygazeti
-
В Конаеве 150 человек проголосовали на дому
-
Жолдауға арналған актив жиналысы
-
Тұрғындар атынан алғыс та, өтініш те айтылды
-
Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында
-
Қала көркіне сән беретін шағын саябақ
-
Фотопроект в молле «Апорт»: «Наши герои»
-
Поздравление акима Алматинской области по случаю Дня столицы Республики Казахстан
-
Ана бақытының бастауына себепші жан
-
Экологиялық акция жалғасуда
Другие новости