Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – жарқын өзгерістердің бастауы. Талай жүйелі жұмыстардың тізбегі айтылатын бүгінгі Жолдау барысында барысында жас ұрпақтың патриотизмі де әңгіме арқауына айналды.
Мемлекет басшысының сөзінше, жастар қауымының елге деген сүйіспеншілігі жаңалықты ашумен, жаңа іс бастаумен байланысты болуы тиіс. Сондықтан патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Бүгінгі жастарға сеніммен қарайтын Президентіміз өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизмді болашаққа деген шынайы ұмтылыс деп бағалады.
«Мен жастардың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенемін. Біз қолға алып жатқан барлық ауқымды жұмыс – олардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар ел Президенті жастардың ғылым-білімге деген талпынысын қолдаудың маңызын атап өтіп, жаңа дәуірде жасанды интеллекттің орны ерекше екенін айтты. Одан бөлек өркениетті әрі озық елдің заңы әділ, билігі білікті, азаматтары саналы және белсенді болуға үндеді.
Мемлекеттік деңгейде қабылданған әрбір шешім халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталатыны анық. Бұл тұрғыда Президенттің байыпты бастамаларына жастар қауымы зор сеніммен қарайды. Бүгінгі өскелең ұрпақ осындай жарқын бастамалар тұрғында елдің ертеңіне алаңдамайды.
Батимаш РУЗИБАЕВА,
Райымбек ауылдық округі әкімдігінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
